Қолында дипломы жоқ қазақ баласы үш компанияда инженер болып жұмыс істеп жүр

4972
Adyrna.kz Telegram
Қолында дипломы жоқ қазақ баласы үш құрылыс компаниясында инженер-геодезист болып жұмыс істеп жүр
Осыдан біраз уақыт бұрын бір құрылыс компаниясында инженер-геодезист болып Ерқанат деген жігіт жұмыс істеді.
Сұрастыра келе, Ерқанаттың арнайы оқыған мамандығы да, дипломы да жоқ болып шықты. Мен одан дипломсыз қалай істеп жүрсің деп сұрадым. Алдында бір компанияда қарапайым жұмыс істеп, инженерлікке қызықтым, содан осы жұмысты практикалық түрде бастап кеттім. Қазір геодезияның барлық жұмысын үйреніп алдым. Бір емес, үш компанияда геодезист болып жұмыс істеймін дедім. Дәәәәә, дедім ішімнен.
Геодезисттің жұмысы өте жауапты инженерлік жұмыс. Қате кетсең басыңмен жауап бересің. Себебі, сен шығарып берген есептер бойынша ғимараттың негізі қаланады.
Негізі алғыр, дарынды адамға диплом керек емес. Алғыр, миы жақсы жұмыс істейтін адамның дипломсыз-ақ игеріп алатынын талай көрдім. Негізі дамыған, өркениетті АҚШ, Еуропа елдерінде сенің қолыңдағы бір парақ қағазыңа қарамайды. Басыңда ми жақсы жұмыс істесе, сенің бір парағыңның оларға түк те керегі жоқ. Сондықтан олар практиканың адамдарын жұмысқа жедел алады.
Біз теорияны да, практиканы да ұштастырып үйрендік. Ал, мынау қазақтың қара баласы теорияны оқымай-ақ, дипломды қолына алмай-ақ, инженерлік практиканы оперативті түрде жүзеге асырып жүр. Қазақтың талай білімді, мықты жігіттеріне қолдау болмай жүр. Қолдау болса, қаражаты болса, жаңа Қазақстан құрылатын еді. Негізі қазақтың баласы ерекше дарынды болып келеді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер