Алғашқы АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданында салынады. Ресми түрде осы туралы құжат бүгін, 25 ақпанда күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Үкіметтің қаулысы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған.
Айта кетейік, 2024 жылы АЭС салу бойынша референдум өтті. Референдумда 7 820 204 адам дауыс берген. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған.
Тәуелсіз бақылаушылар референдумның ашық өтпегенін айтқан. Тәуелсіз бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіріліп, түрлі заңсыздық болған.