Премьер-министрдің әкесі қайтыс болды

491

Қазақстан премьер-министрінің әкесі Ұзақбай Мамин қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзақбай Жапарұлы 2021 жылы 13 маусымда қайтыс болды. Ұзақбай Мамин - еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы. Ол 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген. Асқар Маминнің әкесі құрылыс саласында шебер болудан бастап "Целиноградэлеватормельстрой", "Целинсантехмонтаж" трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті. Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және "Құрмет" ордендерімен марапатталған. Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы