Қазақстанның студенттері неге шетелде білім алуға құмар?

2965
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның студенттері неге шетел де білім алуға құмар? Өзге елдің білімінің Қазақстанның білімінен айырмашылығы неде? Бұл сауалдарға Түркияда білім алып жатқан Тұран университетінің студенті Аружан Қабдолда жауап берді.

-Аружан ханым, сұхбат беруге келіскеніңізге рақмет.  Әңгімеміздің әлқиссасын өзіңізден бастайық.  Туған жеріңіз, қай жерде оқисыз ?

- Алматы облысы, Талдықорған қаласының тумасымын. Жасым 19-да. Қазіргі таңда Тұран университетінің Халықаралық қатынастар мамандығының 3- курс студентімін.

-Әдетте, студенттердің шетелге барып оқуына ата-анасы қарсы болады. Ал сіздің ата-анаңыз бұл шешіміңізді қалай қабылдады ? 

-Ата-анам үнемі менің шешімімді қолдайды және  ешқашан бетімнен қаққан емес. Барлығын басында  түсіндіріп айттым. Түркияға кетуге шешімді бірге қабылдадық десем де болады. Олар еш қарсы болмады. Керісінше тек қолдау көрсетті, сапалы білім алуымды қалады.

етелде оқу саналы түрде мақсатыңыз болды ма, әлде кездейсоқтық па? 

-Шетелде білім алу мақсатымда бар еді. Бірақ дәл Түркияда оқимын деген ой ешқашан ойымда болмаған. Яғни Түркияда оқу кездейсоқтық.

-Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл дегендей, Аружан ханым, сізде шетелде тіл мәселесімен қиындық тумадыма? 

-Иә, басында тілді жетік білмегеніміз  көптеген қиындық туғызды. Бірақ кейіннен тіліміз жаттыға бастаған соң қатты қиынға соқпады.

 -Қазекеңде шетелде оқып келсе болды жер көкке сыйдырмай мақтаймыз, ал шетелдің білімі Қазақстанның білімінен айырмашылығы неде?

-Біріншіден, Түркия ЖОО-ның жылдық төлем ақысының қолжетімді, арзан бағада  болуымен ерекшеленеді . Мысалы, Қазақстанда орташа оқу ақысы 600-800 мың теңгені құраса ,Түркияда ең қымбат оқу жылына 150-160 мың теңгені құрайды.

Ал білім беру жүйесі Қазақстандағыдай кредитация жүйесі бойынша жүзеге асады. Түркияда студенттер өте көп болғандықтан үй жұмысы деген нәрсе мүлдем жоқ, студенттер тек өздері үшін ғана оқиды және мұғалімнің айтқан әр мәліметі тек аралық бақылау және емтихан кезінде сұралады, емтихандар өте қиын форматта өтеді. Сонымен қатар, экзаменнен өте алмай қалған студенттер курстан курсқа қалып отырады. Мысалы, 4-курс студенті болса, экзамендерді толық жаппайынша 5-6-шы курсқа қалып отырады.

-Қазіргі таңда шекара асып, білімін жетілдіріп келгендердің қарасы қалың.  Алайда таяқтың екі ұшы болатындығы секілді бұл мәселенің де оңы мен терісі бар екені айтпаса да түсінікті.  Шет елде оқудың жақсы және жағымсыз жағын айтып кетсеңіз?

Жақсы жақтарынан бастасам, ең бірінші  адамның ой-өрісі, білімі мен өмірге көз-қарасы түбегейлі ауысады десем де болады. Біз бұл бағдарлама арқылы әр  мемлекеттен көптеген дос таптық, білімімізді арттырдық. Түрік  халқының мәдениетімен, өмірімен таныстық. Оқып жүріп көптеген жерлерде демалуға, қыдыруға да мүмкіндік алдық.

Ал жағымсыз тұстарына тоқталсақ, басында жат елде жалғыз қалғандай сезінетінбіз. Ол жерде сенің әкең де, анаң да, бауырың да, досың да болмайды. Тек бірге барған достарың болады. Қиналғаныңда олардан басқа ешкім болмайды.

Шетелге оқуға кетпес бұрын психологиялық, моральдік тұрғыдан өзінді дайындап алуың керек. Басқа өлкеде өз-өзіне жауап бере алатын, мықты адам болуға міндеттісің. Себебі отбасыңнан, жақындарыңнан алыс болу, кезігетін әр түрлі  проблема, тілді жетік білмеу сияқты мәселелер осылардың барлығы адамға кері әсерін тигізбей қоймайды.

-Шет елге барып оқимын , шетел көргім келеді дейтін студенттерге  қандай кеңес айта аласыз?

-Қазір жас, амбициялары мықты кезде ел аралап,  өзін барынша дамытқаны  дұрыс деп ойлаймын.  Шетелде оқу арқылы қоғамда ерекше орны бар мықты, дамыған индивид ретінде қалыптаса аласыздар. Мақсаттарыңыз айқын болса,  ешнәрседен қорықпау керек деп санаймын. Тек өздеріңізге сеніп, Қазақстанымызды шетелге жақсы жағынан танытсаңыздар болғаны.

-Сізге тағы бір осындай  мүмкіндік берілсе, шет елде білім алып, сол  жерде бітіріп сол елде қалатын ба едіңіз?

 - Осындай мүмкіндік тағы берілетін болса, неге басқа елде білім алмасқа, білім беру жүйесін зерттемеске ?! Бірақ   асқа шетелде қалу мүлдем ойымда жоқ. Қазақстан Республикасының азаматшасы болғаным үшін шетелден алған білімім мен тәжірибемді қолданып, Отанымыздың дамуына үлес қосу - үлкен арманым.

-Өте керемет сұхбат болды , сәттілік тілеймін!!!

 

Әңгімелескен: Тұран университетінің

3-курс студенті Нұрсұлтан Назарбаев

Пікірлер