Киборг-жәндіктер туралы не білеміз?

445
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

21 ғасырда өнеркәсіп пен технология бір орында тұрмайды, әлемнің ең білікті де жетекші құрастырушы-инженерлері технологияны дамытуды жалғастыруда. Адам ғылым мен өндірістің қалыптаса бастаған кезінен бастап табиғаттан табысты формалар мен механизмдерді алды.  

Робототехниканың өзін былай қойғанда, бүгінгі күні адамзат жәндіктерді қашықтықтан басқаруды үйренді: киборг қоңыздары қашықтықтан берілген бұйрықтарға бағына отырып, жорғалап, тіпті ұшып кете алатын деңгейге жетті. Мұның бір мысалы ретінде DARPA ғылыми-зерттеу агенттігінің 2006 жылы әртүрлі жауынгерлік және барлау міндеттерін орындай алатын алғашқы робот-жәндіктерді құру тақырыбына жасалған зерттеу нәтижелерін қарастыруға болады. Ең  алғашқы тәжірибелер негізінде зерттеушілер көбірек миниатюралық схемалар құра алды және оларды қоңыздарға қосып, бос жіберді. Импульстер аяқтардың, қанаттардың және төменгі жақ сүйектерінің қозғалысына жауап берді және жарық диодты жолақтың көмегімен олар қозғалыс бағытын анықтай алды.

Ғылыми-зерттеу топтарының ішінде ең маңызды жетістіктерге жеткен Сингапурдағы Наньян технологиялық университеті мен Берклидегі Калифорния университетінің ғылыми-зерттеу топтары болды. Мұндағы зерттеушілер электродтарды қолдана отырып және жәндіктер салмағынан екі есе ауыр жүк көтере алатындықтан, арқасына электронды сөмкелерді орнату арқылы, қашықтықтан басқаруға болатын "тірі машиналарды" ойлап тапты. Бұл зерттеудің ең тиімді тұстарының бірі - жәндіктерді ауада басқару батарея қуатын жұмсайды. Сонымен қатар, жәндіктерде ашық қанайналым жүйесі бар және олар белгілі бір операциялардан кейін тез қайта қалпына келеді. Осы секілді бірқатар тиімділіктері бойынша киборг жәндіктер классикалық дрондардан ерекшеленді. Зерттеу нысанына кіретін жәндіктер қатарында аралар, шыбындар, инеліктер, шегірткелер, қоңыздар мен тарақандар бар. Алайда зерттеушілер кішкентай тіршілік иелерінің ішінен ең мінсіз киборг-жәндік ретінде ешбірін атап айта алмайды. Себебі олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен  кемшіліктері бар.

Ғалымдардың айтуы бойынша, зоофобиялық қоңыздың кішкентай өлшемі (2-2, 5 см) тарақан мен алып қоңыз кіре алмайтын табиғи апат орындарындағы ұсақ жүйелерге оңай қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар әртүрлі мөлшердегі ұшатын және жүретін киборг-жәндіктер жұмыс уақытын қысқарта отырып, іздеу-құтқару жұмыстарының тиімділігі мен дәлдігін арттырады екен.

Гүлдана Ермекқызы

Пікірлер
Редакция таңдауы