Атың шықпаса... немесе Тур де Франс кезіндегі жанкүйер былығы

4670
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Аты-жөні белгісіз жанкүйер телекамералардың объективіне түскісі келді және ойындағысын толығымен іске асырды.

26 маусым күні басталған "Тур де Франс" велоспорт бәсекесінде жан түршіктірерлік оқиға орын алды. Жарыстың алғашқы кезеңінде  жолдың шетінен шыққан жанкүйер қолдындағы плакатымен велошабандозды қағып кетіп, өз зиянын тигізді. Болған жағдай NBC телеканалының трансляциясына түсіп қалған.

Қазіргі уақытта іздестіріліп жатқан бұл азамат, қолындағы плакатымен камералардың назарын өзіне аудартқысы келген. Әрине, мақсатына жетті, бірақ оның құны да тым қымбаттап кеткендей. Екі ортада адам денсаулығына айтарлықтай зақым келді.

Басты зардап шегуші спортшы - әлемнің 7 дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс медаль иегері германиялық Тони Мартин (Jumbo-Visma командасы). Жол ортасындағы апат басталғаннан кейін тағы бірнеше велошабандоз да Мартиннің артынан құлады.

Жарақат алғандар да жоқ емес. Мовистар командасының өкілі, испаниялық Марк Солердың қолы екі жерден сынған. Ал Сирил Лемуан есімді велошабандоздың бірнеше қабырғасы сынып, өкпе коллапсына шалдықты.

Әр жылдың маусым-шілде айларында өтетін велоспорттың басты додасы осындай қиын жағдаймен басталды. Бұл бәйгеде еліміздің намысын қорғайтын "Astana pro team" командасының да бар екенін ескерте кетейік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер