Мәйіттермен қоректенетін қауіпті жануар

5094
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Құну - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң және жердегі қауіпті жануар саналады. Атауы латын тілінен аударғанда "қомағай" деген мағынаны білдіреді. Құнуды Швеция, Эстония, Латвия, Қытай, Канада, Америка, Ресей және т.б. елдерден кезіктіруге болады. Оны сонымен бірге өз елімізден де кезіктіре аламыз. Дәлірек айтқанда, ол - Қазақстанның Оңтүстік Алтай тауындағы ну ормандар мен тау өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді.

Бұл аңның сыртқы көрінісі аю немесе борсыққа ұқсайды. Бас сүйегі үлкен, тұмсығы ұзартылған кейіпте. Тырнақтары үлкен. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын. Сондықтан арқасы жоғары қарай иілген. Құйрығы қысқа және үлпілдек. Терісі қалың, қоңыр немесе қара-қоңыр түсті. Салмағы 11 және 30 немесе басқа ақпарат көздері бойынша 9 бен 30 келі аралығында. Бойының ұзындығы 70-86 см құрайды.

XVI ғасырдағы поляк тарихшысы Матвей Меховский өзінің "Екі Сарматия туралы трактат" атты еңбегінде құнуды былайша сипаттайды:

" Литва мен Мәскеуде құндыз деп аталатын басқа жерлерде кездеспейтін өте ашкөз және пайдасыз жануар бар. Ол иттің өлшеміндей, мысық бетіндей, денесі мен құйрығы түлкіге ұқсас, қара түсті; мәйіттермен қоректенеді. "

Өмір салты өзінің шекарасын қорғау мақсатында жалғыздықта өтеді. Отырықшы өмір салтын ұстанатын жыртқыш тәрізді сүтқоректілер тұқымдастарынан айырмашылығы - өзінің аң аулау аймағында үнемі олжа іздейді. Аң аулау аймағының жалпы ауданы шамамен 1500-2000 шақырымға жетуі мүмкін. Ағаштарға оңай көтеріледі. Өткір көруге, естуге және инстинктке ие. Тағам талғамайды. Көбінесе қасқырлар мен аюлардың олжаларын жейді, ақ қояндарды, қара торғайларды, тышқан тәрізді кеміргіштерді аулайды. 10 немесе 17 жылға жуық өмір сүреді.

 

Нағима Сахан

 

 

Пікірлер