Ғарыш компаниясының негізін қалаушы американдық кәсіпкер Илон Маск “адамзат баласы айды тұрақты базаға айналдыруы керек , ал Марс планетасында қалашық құруы керек” деп есептейді.
Адамзат баласы ғарыш әлеміне сапар шегіп, жердің серігі - айдың бетіне қонғанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен екен. Ай бетінде космостық база құру жөнінде айтып, марс планетасын қалашыққа қашан айналатыны туралы Маск өз болжамын жасады. Күн жүйесінің 4-ғаламшары. Жер тобындағы планеталар қатарына жататын қызыл жұлдыздың орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс планетасының бетінен шыққан жылу ағынының (толқын ұзындығының 1 мм – 21 см) радиодиапазонындағы орташа температурасы 220±10 К. Ол перигелийінде 10% жоғары, ал афелийінде сонша төмен болады.
Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (–100°С) болады. Қазақстандық астрофизик Гавриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтады. Онда жанды заттар тұруы мүмкін деген болжамдар, температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ. Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болуы туралы пікірдің шындыққа сай келмейтіндігі айтылады.
Планетада салынатын болашақ қала ежелгі Қытай құдайына арналып “Нува” деп аталды. Қаланың құрылысы бойынша мамандар алдымен қаланы жартасқа орналастыру керек деп тұжырымдады. Онда 250 мыңға дейін адам өмір сүре алатындығы белгілі болды. Тұрғындарды радиациядан және атмосфералық қысымнан қорғау үшін ғимараттарды күмбездермен жабу керек. Қала тұрғындары өсірілетін өсімдіктер бөлетін оттегімен қамтамасыз етіледі. Ішкі жүйелердің жұмыс істеуі үшін энергия күн панельдерінің көмегімен алынады. Қаланың құрылысы 2054 жылы басталады деп күтілуде. Илон Масктың айтуынша, бұл адамзат тарихындағы ең қымбат құрылыс жобасы болуы мүмкін. Оның құны бүкіл әлемдік экономика көлемінің сегізден біріне жетуі мүмкін - 100 миллиардтан 10 триллион долларға дейінгі есепте көрсетіледі .
Нағима Сахан