Үкіметке "халықтың көз жасын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйланды

3984
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан халық партиясы ел үкіметіне "мемлекет халықтың көз жасын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйлайды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде үкіметке көп нәрсе істеу керек. Оған ақша бөлінеді. Алайда мәселелер мен проблемалар шешілмейді. Адамдар айғайлайды, жылайды, хат жазады - жауап жоқ. Кешіріңіз, мырзалар (Үкіметтегі), жерге түсіңіздер. Бізді еститін мемлекет қайда? Неге мүлдем елемейсіздер... Біз партиядан шенеуніктерге есту аппаратын сыйға тартқымыз келеді. Көзілдірік - олар көруі үшін. Көрген және естіген нәрселерден олардың жүрегі тоқтап қалуы үшін - валидол", - деді ҚХП өкілі, Мәжіліс депутаты Айбек Паяев партияның кезектен тыс съезінде.

Еске салайық, Айбек Паяев шенеуніктерді кері байланыс жоқ деп сынға алған болатын. 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан халық партиясы фракциясының депутаттары премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беруден қалыс қалып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар өз жұмысына немқұрайды түрде қарай бастады деп мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер