"Бөлінген қаражат жетпеді". Актөбе облысында депо бастығы пара алғаны үшін сотталды

1204
Adyrna.kz Telegram
Фото: qarmaqshy-tany
Фото: qarmaqshy-tany

Актөбе облысында депо бастығы 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Ембі қаласының тұрғыны жұмысқа орналасу үшін Жем стансасындағы эксплуатациялық локомотив депосында көмекші машинист болып жұмыс істеген танысына жүгінген. Ол өз кезегінде депоның кадрлар жөніндегі менеджерімен байланысып, жетекшісіне пара беруді ұсынған.

Депо бастығы кандидаттың жұмысқа қабылдануына парамен келісіп, оған сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптарды беруді тапсырған. Кандидат тестілеуден қажетті балл жинап, сұхбаттан сәтті өткен. Алайда ол қажетті соманы таба алмай, жұбайынан 4 миллион теңге несие алуды сұраған. Соның 1,5 миллион теңгесін ол досына беріп, ол менеджер арқылы депо бастығына жетізілген. 300 мың теңге осы сомадан кадрлар менеджеріне делдалдық қызметі үшін берілген.

Сотта пара беруші айыпкер, 1,5 миллион теңгені бергеннен кейін екі күннен соң жұмысқа қабылданғанын мойындады. Ол тек алты ай ғана жұмыс істеп, кейін жұмыстан босатылған. Пара алған депо бастығы Даулетқали Жалмұхамбетов те кінәсін мойындады.

«Алған ақшаны депо ғимаратының жөндеуіне жұмсадым, себебі бөлінген қаражат жетпеді», – деді сотта бұрынғы депо бастығы Жалмұхамбетов.

Сот барлық төрт айыпкерді кінәлі деп таныды. Депо бастығы Даулетқали Жалмұхамбетов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Пара беруші, оның досы және делдал ретінде айыпталған адам  үш жылға сотталса, кадрлар менеджері бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық төрт айыпкерге өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Пікірлер