Жасөспірім 20-қабаттан құлады: тағы бір күмәнді ойын пайда болды ма?

1554
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда 20-қабаттың балконынан 14 жастағы жасөспірім құлап түсті. Оқиға болған кезде оның анасы үйде болған. Бұл туралы астананың Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында хабарлады. Ол оқиға орнынан видео салып, бұл жайт «Триумф Астаны» тұрғын үй кешенінде болуы мүмкін деп болжаған.

«Астанада «Көк китке» ұқсас жаңа ойын пайда болды деген қауесет тарады - белгілі бір деңгейден өту үшін қандай да бір тапсырмаларды орындау керек, бірақ ойыншы өзіне қол жұмсау туралы бұйрық та алуы мүмкін», - дейді журналист.

Полиция департаментінің өкілдері 29 мамырда сағат 23.18-де Есіл ауданының полиция бөлімшесіне Қабанбай батыр даңғылында 20-қабаттың балконынан кәмелетке толмаған бала құлап кеткені туралы хабар түскенін айтады.

«Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға кезінде 14 жастағы жасөспірімнің анасы үйде болған. Жасөспірімнің жеке компьютерін алып тексеру кезінде суицид бағыттағы сайт немесе ойын ойнамағаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді баспасөз қызметі өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото zhasalash.kz сайтынан)

Пікірлер