«Қара зең» жұқтырғандар көзінен айырылды

3862
Adyrna.kz Telegram

Үндістандық дәрігерлер коронавирустың салдарынан "қара зең" жұқтырған мыңдаған адамның бір немесе екі көзін алып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Процедура мукормикозбен ауыратындардың 60 пайызына жасалған.

Анил Ванкхед есімді науқаста коронавируспен ауырғаннан кейін бас ауруы мен оң көздің ісінуі пайда болған. Кейіннен ер адамға мукормикоз диагнозы қойылған. Дәрігер оны емдеудің жалғыз жолы көз қуысы мен оң көзді алып тастау екенін айтқан.

"Егер біз мұны түгел жоймасақ, инфекция миға енуі мүмкін. Бұл кезеңде біз пациенттердің өмірін құтқара алмаймыз",–деді дәрігер Ақшай Наир.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Делиде мукормикозбен ауыратындар саны күрт өскені туралы хабарланған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер