Бірінші республикалық STEAM-онкүндік

3868
Adyrna.kz Telegram

12 және 30 сәуір аралығында Caravan of Knowledge білім беру ұйымы STEAM-онкүндігін өткізді — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен мұғалімдер мен оқушыларға STEAM біліміне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

STEAM-онкүндіктің тұсаукесеріне 300-ден астам қазақстандық мұғалім қатысты. Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалалары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары, сондай-ақ Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің (Қарағанды қаласы) және Аршалы ауданының (Ақмола облысы) №2 жалпы орта білім беретін мекте мұғалімдері бейнесабақтарын көрсетті.

STEAM әдістері (ағылш. - Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) оқушыларға мектеп пәндері мен нақты өмірдегі құбылыстар арасындағы байланысты көрсетуге көмектеседі, сонымен қатар сыни, ғылыми және инженерлік ойлауды қалыптастырады, бұл оларды ғылым, IT, өнеркәсіп және басқа да сұранысқа ие салалардағы мансапқа дайындайды.

«Әдетте мектеп онкүндіктері, оқу орны аясында бір тақырып немесе пән бойынша өткізіледі, — дейді Caravan of Knowledge әдіскері Әйгерім Масғұтова. — Сондықтан біздің республикалық онкүндігіміз — бірегей оқиға. Біз әр түрлі мектеп мұғалімдерінің STEAM артықшылықтарын бірге талқылап, тәжірибе алмасуын қалаймыз».

STEAM-онкүндік барысында қазақстандық мұғалімдер оқу процесінде STEAM-әдістемелерді пайдаланумүмкіндіктерін талқылады. Танымал нұсқалардың бірі — ғылыми жобалар, онда оқушылар күнделікті өмірден нақты мәселелерді негізге алады, оларды мұғалімдердің жетекшілігімен зерттейді және өздерінің инженерлік, дизайн-, IT- және басқа да шешімдерін ұсынады. Мысалы, су қоймаларын тазартуға арналған сүзгілер мен қондырғылар жасау, ыңғайлы мектеп парталарының прототиптерін ойлап табу, мұнайшыларға арналған далада есептеулер жүргізеу жүктемесі гидропоникадағы өсімдіктерді суаруды автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарлама жасау мүмкін.

Келесі STEAM қағидасы — көртақырыптылық, оны кез келген мектепте педагогтардың бірлесіп жұмыс істеуі және сабақтарды жоспарлау мен өткізу үшін, ғылыми жобаларды жүргізу барысында және бірыңғай стандарттарды әзірлеу кезінде де іске асыруға болады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Глеб Давлетгариев түрлі пәндер арасындағы ортақ түйісу жолдарын табуға көмектесетін Practices-Content-Crosscutting моделін ұсынды және  оқушылардың бір тақырыпты әртүрлі салалар арқылы зерттуіне мүмкіндік ашты.

«Мысалы, егер биология сабақтарындағы топырақ тақырыбын онда тұратын организмдер тұрғысынан қарастырып, содан кейін сынама алып, топырақ құрамын сараптайтын болсақ —  мұнда химия, бағдарламалау және математика бойынша білім қажет. Тақырыпты География сабағында жалғастыруға болады — климат топырақтың пайда болуына қалай әсер етеді, Қазақстанда қандай топырақ түрлері бар және т. б.» - деп түсіндіреді Глеб.

Сондай-ақ, STEAM-онкүндігі аясында Caravan of Knowledge мұғалімдер арасында  бейнесабақтар байқауын, ал оқушылар арасында — шығармалар байқауын ұйымдастырған.

Бізбен байланыс:

  • info@caravanofknowledge.com
  • +7 7714450377 (Виктория)

Caravan of Knowledge ресми сайты — https://caravanofknowledge.com/

Caravan of Knowledge әлеуметтік желілерде:

 

Пікірлер