Павлодар түрмесінде педофилді өлтіріп тастады

13979
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының ҚАЖ мекемесінде сотталғандардың бірі педофилия үшін бас бостандығынан айырылған қылмыскерді өлтірген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлімдеді.

«8 мамырда Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталған жанжал нәтижесінде басқа қамаудағы адамға қасақана дене жарақатын салған. Оқиға мекеменің санитарлық торабының ғимаратында кешкі уақытта болған. Зардап шегуші медициналық көмекке және мекеме әкімшілігіне шағымен және өтініштермен жүгінбеген. Алған жарақаттарының нәтижесінде сотталған адам 9 мамырда жасақтағы өз жатын орнында қайтыс болды»,– делінген хабарламада.

Шұғыл шақырылған жедел жәрдем бригадасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі, 1-тармағы (Зорлау) бойынша жазасын өтеген адамның қайтыс болғанын анықтады.

Айта кетейік, мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына тергеу-жедел тобы, прокуратура, өзіндік қауіпсіздік қызметі және ҚАЖ департаментінің өкілдері келді. Сондай-ақ, ұлттық алдын алу тетігінің және қоғамдық бақылау комиссиясының қатысушылары шақырылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер