Қытайдың әлемде жасырын әскери базалар салып жатқаны анықталды

4558
АҚШ-тың әскери барлау қызметі Қытайдың Шығыс Африканың Баб-эль-Мандеб шығанағында әскери теңіз өткелін салып жатқанын анықтады. Бұл портты модернизациялаудағы Қытайдың мақсаты - портқа авиалайнерлерін алып келіп, Қытай халықтық азат етуші әскерлерін орналастыру болған.
Қытай жақын арада Африкаға екінші пристін салмақшы. Мұны америкалық әскери барлаушылар спутинк арқылы анықтады. Бұл әскери прист Қытайдың теңіздегі әскери ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.
 
Қытай нені көздеп отыр?
Қазіргі Қытайдың саяси экономикалық мүддесі өзінің ұлттық шеңберінен тыс, әлдеқайда үлкен масштабқа өтіп, әлемдегі геосаяси амбициясын жетілдіру мақсатында жедел жұмыс істеуге көшті. Ал, Қытай халықтық азат етуші әскерлері Қытайдың геосаяси масштабтағы мүддесін қорғайды. 2004 жылы Қытайдың басшылығына келген Ху Цзиньта "Қытайдың жаңа тарихи миссиясы" концепциясын жасап, бағдарламасын бекітіп кеткен. Ал, қазіргі Си Цзиньпиннің тұсында бұл миссияның ауқымы жоғары қарқынмен жүре бастады. Қытайда қазір ұлтшылдық бағыттағы диктатура орнады.
Қытай өзінің " Бір жол - Бір белдеу" атты халықаралық масштабтағы инфраструктурасын мобилизациялаудың барлық әрекетіне көшіп жатыр. Осы жобаның астарында қытайлық экспорт әлемді сан түрлі ойға салып жатыр. Экономикалық шынжырлау шаралары қолға алынған. Си Цзиньпиннің басқару принципіне сай бұл процестердің радикалданған позициялары да іске асуда.
2019 жылы Қытайдың қорғаныс министрлігі өзінің алдына Қытайдың шекарадан тыс идеялары мен мүдделерін қорғау бойынша реси құжаттарын бекітіп тастады.
2011 жылы Ливияда, 2015 жылы Иеменде қытайлық компаниялардың елден жедел шығарылуының нақты себептері болды. Осы екі елде Қытай өте алып экономикалық жоспарлар жасап тастаған еді. Бұл жобалардың жүзеге аспауы салдарынан Қытай бірнеше миллиардтаған доллар қаражаттан қағылған болатын.
Ал, осы алып жобалардың артында Қытайдың жасырынған қорғаныс саласындағы амбициясы мен идеялары да жатыр. Дәл осы сәтте Қытай өзінің әскери мақсаттағы инициативасын планетаның өзге аумақтарында қорғаудың қиыншылықтары бар екенін аңғарып, жаулау тактикасының басқа түріне көшті.
Жақында ғана Австралия өкіметі де Қытайдың ірі инвесторлық компанияларын елінің ірі порттарынан қуып шығарды. Австралия өкіметі де Қытайдың технологиялық, экономикалық экспансиясының елдің ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізетінін алдын ала болжады.
 
Мақала бірнеше сериямен шығады.
Жалғасы бар...
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
 
 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар