Мұғалімнің өліміне себепші болған мектеп директоры қандай жазаға тартылмақ?

3763
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде №5 орта мектеп директорына қатысты алты әкімшілік іс қозғалды. Оған мектеп мұғалімі Әсем Нұрғалиеваның жазған арызы себеп болған. Мұғалімнің өзі осыдан біраз күн бұрын ауруханада бір апта бойы ес-түссіз жатып көз жұмды. Бұл туралы "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды. 

Марқұм Әсем Нұрғалиева жұмысқа былтыр тамыз айында ғана орналасыпты. Әріптестерінің айтуынша, жұмысына тиянақты. Жауапты және еңбекқор болған. Бірақ қызметіне енді кіріскен маманды мұндағы мектеп директоры жақтырмай, қудалаған.

"Қатты күйзеліске түсуі деп ойлаймын. Басшының тарапынан қудалауға түскендіктен ол өте қатты күйзелісте болды. Мен өз көзіммен көріп жүрдім, Әсемді. Және де Әсем маған айтып жүретін. Үнемі айтып жүрді", - деді мектептің педагог-психологі Маржан Қанатбекқызы.

Әріптестерінің айтуынша, марқұм қатты қиналған кезде құзырлы органдарға бірнеше рет шағымданбақ болған. Бірақ директорды жеңе аламыз ба деген күдікпен көп жүрген.
Қазір мектептің өзге де ұстаздары басшысының әрекетіне қатысты құзырлы мекемелерге шағымдануда.

Пікірлер