Семейде шырша безендіру кезінде жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты

1123
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Семей қаласында шыршаны безендіру кезінде жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметтегі баспасөз конференциясында оқиға мән-жайын тексеру барысында жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылғанын айтты.

"Қала әкімінің орынбасарына ескерту берілді. Білім бөлімінің басшысы педагог мәртебесі туралы заңды орындаудағы немқұрайдылығы үшін қызметінен босатылды. Үш мектеп директоры да тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Ғани Бейсембаев.

Министр мұғалімге өтемақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын, сондай-ақ мұғалімнің денсаулығын қалпына келтіруге үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұғалімнің жағдайы жақсы.

"Біздің мұғалімнің денсаулығы ерекше бақылауға алынды. Бүгін таңертең ол ауруханадан сау күйінде шықты. Сондықтан әріптесіміздің жұмыс орнына толық оралуы үшін әрі қарай көмектесуді жалғастырамыз", – деді министр.

Ғани Бейсембаев мемлекеттік органдардың білім басқармасының басшылығы және әкімнің орынбасарларымен шұғыл кеңес өткізгенін, осындай бұзушылықтарға жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылданғанын айтты. Сонымен қатар, педагог мәртебесі туралы заң бұзушылықтарға мониторинг жүргізу тапсырылды.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Семей қаласында мұғалім жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктіктен құлап, жарақат алған еді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер