Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда парадқа қатысып жатқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Парадта Қазақстанның атынан келген Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметкерлерін салтанатты бөлімін таныстырды.
"Құрамында 80 әскери қызметкер бар парадтық бөлімді полковник Алмас Төлегенов басқарды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Тоқаев еліміздің сарбаздары шыққан кезде орнынан тұрып, сәлемдесті.