Лукашенко «экстремизм» үшін сотталған 29 адамға рақымшылық жасады

1327
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Беларусь президенті Александр Лукашенко «экстремистік» қылмысы үшін сотталған 29 адамға рақымшылық жасады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, «экстремистік» қылмысы үшін сотталғандар жасаған әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған.

Ақпаратқа сәйкес, рақымшылық жасалғандардың ішінде 11 әйел, 18 ер адам, оның ішінде 25 жасқа дейінгі алты адам, үш зейнеткер, екі мүгедек, 15 созылмалы аурумен ауыратындар бар. Беларусь Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бостандыққа шыққандардың заңға бағыну әрекеттерін қадағалайтын болады.

Биыл Беларусьтегі саяси тұтқындарға осымен алтыншы рет рақымшылық жасалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер