Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамайдың ақпараттық пікірталасына қатысты екі нақты аспект көзге көрініп тұр

2823
Adyrna.kz Telegram

Біріншіден, Мамайдың популизмі мен негізсіз мәлімдемелеріне дереу жауап қайтарған Байбекке қарасты айтылған сын оғаш көрінеді.

Негізі Байбек – өзекті мәселелер бойынша ашық пікірталасқа түсіп, өзгелер үндемеуге үйренген тақырыптар бойынша өз позициясын нақты айтатын аздаған заманауи саясаткерлердің бірі. Позиция таңдаудың заманауи теориясы мен практикасы көрсеткендей, табысты саясаткер айтылған сынға қаншалықты жедел және конструктивті жауап қайтарса, имиджік жоғалту соншалықты аз болмақ. Алайда кейбір ескі кеңестік тұжырымдамалардың жақтастары Байбек ашық түрдегі негізсіз сынға мүлде жауап қайтармауы керек еді деп санайды. Дегенмен бұл жағдайда осындай дәрежедегі халық алдындағы саясаткерге бұлай жасауға болмайды. Қоғаммен ашық сөйлескен жөн, қоғам сонда ғана қолдайды. Осы тұрғыдан Байбектің сұхбаты сауатты құрылып, уақытында берілді. Саяси пікірталас суыған күйінде берілетін кек емес. Әрқашан ашықтықты, кей жағдайларда қоғам алдына шығуды талап ететін ұдайы қозғалыстағы дүние.

Екіншіден, Мамай өзін тығырыққа тіреді. «Навальныйдың образын» кигісі келді. Дегенмен ісін шала және сапасыз жасайды. Өз контенті жоқ. Толығымен анонимді телеграм-каналдың ақпаратына сүйеніп, үлкен қателік жасады. Шындығында Мамай осы «дереккөз» тарататын барлық ақпарат үшін жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Салдары сол, сот қарауының қорытындысы енді айтпаса да белгілі.

 

@selteyev_view телеграмм каналы

Пікірлер