Ресейдің әуе-қорғаныс күштері Сирияға жойқын соққы берді
Ресейдің бомбалаушы ұшақтары Сирияның мемлекеттік мекемелеріне шабыулдауға дайын отырған экстремисттік топтардың үстінен әуе күштері арқылы соққы жасады. Соққының салдарынан 200 содырдың көзі жойылған. Мұны Ресейдің қорғаныс министрлігі ресми хабарлады.
Аталған жағдай Сирияның Пальмира қаласының солтүстік-шығысында орын алды. Ұшақтардың бомбалауы кезінде содырлардың бірнеше жасырын орындары, калибрлі пулеметтері, 24 пикапы, 500 келіге тарта оқ-дәрілері мен жарылғыш заттарының көзі жойылған.
Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей қорғаныс министрлігі Сирияның Эт-Танф зонасында соғысқа дайындық жасап жатқан содырлардың әрекетіне барлау жасаған. Содырлар Сирияның мемлекеттік мекемелеріне терракт жасамақ болған.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы