Nasa Сатурнның тұшпараға ұқсайтын серігінің суретін жариялады

2717
Adyrna.kz Telegram

Сатурнды айналып жүрген "Кассини" ғарыш зонды ғаламшардың тағамға ұқсас серігін суретке түсіріп алды. Суреттер NASA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.  Сатурн серігіне Пан атауы берілген.

БАҚ өкілдері Пан серігінің пішінін қатырылған равиоли және тұшпараға ұқсатты. "Оның дөңгелек равиолиға ұқсау себебі белгісіз, радиобелсенді бөлшектер әсерінен болуы мүмкін", - деп жазыты Business Insider басылымы.

© kiri2l"Кассини" зондының ғарышта ұшып жүргеніне 20 жыл болды, ал 2016 жылы оны Сатурн сақинасын зерттеуге пайдаланған. Құрылғы әр жеті күн сайын сақиналардың зерттелмеген тұсына жақын келеді.  NASA мәліметі бойынша, ғарыш аппаратының жанармайы таусылуға жақын, осы себепті келесі жылы ол қызметін тоқтатады. Ғалымдар есебі бойынша, 2017 жылдың 15 қыркүйегінде зонд Сатурн атмосферасына кіріп, сол жерде жойылады. Осылайша, ғалымдар тіршілік бар болуы мүмкін ғаламшарларды аппарат сынықтарының құлауынан сақтап қалмақ.  "Кассини" зонды NASA, Еуропалық және Италия ғарыш агенттіктерінің біріккен жобасы. Ол 1997 жылы ғарышқа ұшырылып, 2004 жылы Сатурнға жақындаған. Содан бері 12 жыл аппарат Сатурнды, оның сақиналары мен айларын зерттеуге пайдаланылып келді. "Кассини" арқылы бірқатар ғылыми жаңалықтар ашылған.


"Адырна". кз

Пікірлер