Украинаның тағдырын АҚШ пен Ресей өзара келісіп шешіп жатқан жоқ па?

5392
Adyrna.kz Telegram
Байден мен Путин телефон арқылы сөйлесті. Қоңырау шалу Вашингтон тарапының бастамасымен іске асқан.
1. Байден Украина шекарасында Ресей әскерінің көптеп орналаса бастауына алаңдаушылық білдірген.
2. Байден Ресей президентіне жақын айларда үшінші бір мемлекетте кездесуді ұсынған.
Ресей тарапы екі президент сөйлесуінде АҚШ-тың Иран мен Ауғанстан сұрақтары бойынша Ресеймен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтқанын жария етті.
 Зеленский Мәскеуге телефон соқса Путин тұтқаны көтермеді. Путин Украина тақырыбы бойынша Байденмен сөйлесіп жатыр. ЗЕ-ні саясаткер деп есептеп жүрген жоқ. Бұл Украина мәселесін АҚШ пен Ресей президенттері өзара шешіп жатыр деген сөз.
Иран мен Ауғанстан туралы да сөз болыпты. Не айтылғаны, алдағы уақытта кездессе қандай келісімге келері белгісіз қоғамға. Егер екеуі Иран, Ауғанстан, Сирия мәселелерінде өзара келісіп, мүдделерін қорғап, ықпал ету аймақтарын бөлісіп, Украинаны обменге ауыстыра салса ше?...
Украина қоғамы, президенті мемлекеті туралы айтқанда "Біздің держава", "Біз мықтымыз" деген сөзді жиі қолданады. Бірақ Украина державасының келешегін АҚШ пен Ресей сынды әлемдік державалар өзара келісіп шешіп жатыр.
Біздің басқа мұндай күн түспесін. Президентің телефон соқса алмай, екі держава сенің еліңнің болашағы туралы өзара келіссөз жүргізіп жатса мұндайды көтере алмай жарылып кетеміз біз. "Текті қазақ", "Ұлы дала", атқа мініп ту ұстап шабамыз деген сөздеріміз бос сөз, бос сөз болып қалады. Реализм. Геосаясат басқа карталармен ойнайды. Сабақ алатын дүние.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер