COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны жасаушылардың жалақысы артпақ

3103
Adyrna.kz Telegram

Коронавирусқа қарсы вакцина жасауды қамтитын Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы ғылыми зерттеулер үшін ғалымдарға жыл сайын миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Жанна Құрманғалиева QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцина жасайтын биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының жалақысын арттыру туралы сұраққа жауап берді.

«Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мың теңгеден және одан жоғары болады. Әкімшілік және қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы 250 мың теңгеге дейін болады.

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары институттың ғылыми зерттеулеріне елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2,8 миллиард теңге бөлінді», деді Құрманғалиева ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір институт жанында ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері үшін үш үй салынуда. Барлығы — 180 пәтер.

«Осыдан бірнеше күн бұрын осы 180 пәтердегі тұрмыстық техниканы, жиһазды және басқа жабдықтарды сатып алуға республикалық бюджеттен 293 миллион теңге бөлінген болатын. Яғни, біздің ғалымдар мен институт қызметкерлері осы пәтерлерге келгенде, олар жайлы өмір сүру үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеміз», деп сендірді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер