110 жыл бұрын шыққан заңның қазіргі Ата заңға ұқсастығы мен айырмашылығы

1193

Барлыбек Сыртановтың «Қазақ елінің уставы» атты еңбегіндегі заңдар мен азат Қазақстанның конституциясындағы бірегейліктер туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

   Ұқсастық пен айырмашылық: заман өзгерді, заң ше?

Біздің төл тарих 1465 жылдан бастау алады. Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Тәукенің жеті жарғысы ел басқарудың өзіндік ерекшелігін топтастырған толғауы терең тарихи заң еді. Кейін Алашорданың негізін қалаушы Бөкейхановтың тапсырмасымен Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің уставы» еңбегін жарыққа шығарады.

Қазақ елі Республикасын құру туралы иірімді идеясын дамытып, көлемді заңнама құрады.

1911 жылы азаттық үшін күрес жолында құрылған заң мен тәуелсіздік тізгінін тірек еткен кездегі құрылған заңның ұқсастықтары мен айырмашылығына мән берейік.

1.Президенттің ел басқаруы, өкілеттілігі, вице-министр, мәжіліс депутаттары туралы заң екі жаққа да ортақ, бірдей.

2. Адам баласының құқы туралы заң Сыртановтың еңбегінде мұсылмандық құқық нормаларына сәйкес құрылған. Ал Ата заңымыз көпұлтты мемлекетке арнайы бекітілген.

3. «Қазақ елінің жері саудаға түспейді». Алашорда кезіндегі түсінік қазір талан таражға түсті. Жеріміз өзге елге сатылуға сәл қалды. Қалың қазақ бірігіп, мараторий жарияланды. Қуанышымызға орай, жер шетелдіктерге сатылмайтын болды.

4.Жер салығы бұрыннан бар.

5.Сот билігіне қатысты қағидалар да бір-біріне ұқсас. Судьяның ешкімнің үгіт-насихатынсыз, заңға бағынып, әділ шешім шығаруы конституциямызда да көрсетілген.

Құрылымы жағынан Қазақ елінің Уставы Преамбуладан, 4 тараудан және 28 баптан тұрады:

1-тарау Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында

2-тарау Адам баласының хұқы турасында

3-тарау Қазақ жері турасында,

4-тарау Сот турасында деп аталады.

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған Ата заңымыз 9 баптан 98 тараудан тұрады. Қастерлі құжат саналатын бұл заң жинаққа күні бүгінге дейін жүзден астам өзгертулер енгізілді. Президентке қатысты бөлімнің өзі 33 рет жаңарған.

25 жасында Қазақ елінің алғашқы заңын жазған Барлыбек Сыртанов 28 жасында құрт аурынан дүние салады. Тарих тарауына толқу енгізген «Сыртанов» атына бүгін де 106 жыл толды.

Інжу ӨМІРЗАҚ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар