«Өзенмұнайгаз» басшысы көп алдында ереуілшіге қоқан лоққы үйіріп, тіл тигізді

1056
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Қарашаның 19-ы күні желіде «Өзенмұнайгаз» басқармасының төрағасы Жанболат Саймағамбетов ереуілшілердің біріне балағат сөздер айтып қорқытқаны туралы видео тарады. «Өзенмұнайгаз»компаниясының  басқарма төрағасы Жанболат Саймағамбетов наразылық білдіруші жұмысшыға тіл тигізіп, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (ӘҚБтК) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚК) кемінде үш бабын бұзғанын анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Саймағамбетов әлеуметтік желіде тараған видеода ереуілшілердің біріне орысша, қазақша аралас  дөрекі түрде «Қазір осы жерде мынаны быт-шыт ғып, күл-талқанын шығарамын» деген мағынада боғауыз сөздер айтқан. 

Сөздің мағынасынаа қарағанда Саймағамбетов қызметкерді балағаттауы ереуілшіге физикалық күш көрсету мен тікелей қорқыту санатына жатады.

Яғни, «Өзенмұнайгаз» компаниясының топ-менеджерінің әрекетінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115 (қорқыту) және 131 (қорлау) баптарының, сондай-ақ 434-бабының 1-бөлігінің (ұсақ бұзақылық көрініс тапқан) заң бұзушылықты көруге болады.

Айта кетейік, полиция қоғамдық орында әдепсіз сөздерге құқық бұзушылық фактісі бойынша әрекет етеді, яғни Саймағамбетовке қатысты ең болмағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалуы керек еді, ал қылмыстық іс қозғау мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

ҚазТАГ редакциясы түсініктеме алу үшін Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне хабарласты.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қызмет көрсететін «Бұрғылау жұмыстарын басқару» серіктестігінің жұмысшылары митингіге шыққан болатын. Жергілікті «Лада» басылымының жазуынша, олар басшылыққа жарты жылдан бері талаптарын айтып келеді, бірақ оны орындауға ешкім асығар емес.

Ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары алты талап қойды. 

Пікірлер