АҚШ бастаған НАТО елдері саяси серіктестерімен бірге Арктикаға жылжып келе жатыр

5813
Adyrna.kz Telegram
Арктикада НАТО-ның саяси  конфронтациясы басталды
Америкалық Antiwar порталының жетекшісі Рик Розофф Арктикадағы геосаяси тартыс жайында мақала шығарды. Онда АҚШ-тың өзінің НАТО-дағы саяси серіктестерімен бірге Кремльге қарсы конфронтациясы баяндалған.
АҚШ-тың алға қойған Арктикаға қатысты стратегиялық жоспарында Арктика аумағы талас тудырған халықаралық аймаққа жатады әрі АҚШ-тың, Канаданың, Дания мен Норвегияның да суверенитетіне кіреді деп айтылған. АҚШ алдағы уақытта өзінің стратегиялық серіктестерімен бірге Арктикадағы Ресейдің ықпалын тоқтатпаққа бел буды. Ресей мен Қытай бұл геосаяси тартыста тек қана қарсылас тараптар деп танылып отыр. Бұл ойында АҚШ НАТО елдерімен бірге потенциалды конфликтінің отын тұтатпақ. Себебі, бұл аймақта пайдалы қазбалар табумен қатар логистикалық қызметтерді де іске қоспақ. Қосымша әскери соғыс техникалары мен базаларын да жайғастырмақ. Арктика аймағы НАТО-ның Ресейді әскери бақылауға алатын солтүстік бұрышы болғалы тұр.
Бұл жоспар 2000 жылы қолға алынған болатын. Арктика аумағындағы Ресейге жақын тұста НАТО-ның әскери дайындық жұмыстары да жүріп жатыр. Онда Солтүстік Атлантика әскери блогының 250 авиациялық ұшақтары, 65 корабльі бар деген дерек Ресей тарапынан айтылып, ушыққан ақпараттар шығып жатыр. 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер