Солтүстік Атлантика әскери блогы (НАТО) Украинаның Одесса облысына әскери база салмақшы

6295
Adyrna.kz Telegram
Осы әскери базаның құрылысынан кейін Украинаның НАТО-ға кіруі немесе кірмеу мәселесі шешімін табуы мүмкін. Украина өзін НАТО-ға кіруін алдағы ұзақ мерзімді стратегиялық перспективасына жатқызады. Бұл жайында НАТО-ның экс-бас хатшысы Александр Вершбоу да мәлімдеді.
Егер НАТО-ның әскери базасы Украинаның Одесса облысына қоныстанса, онда Қара теңіз маңында Ресейдің соғыс стратегиялық жоспарларына қарсы әрекет күшейеді. Бұл тұтас НАТО елдерінің Ресейге қарсы ықпалы артады деген сөз. Егер Одессадағы әскери база құрылысы аяқталса, Солтүстік Альянс әскери блогы Ресейдің әскери қимылын қалт жібермей бақылап отырады.
Қазір ресми Киев Солтүстік Альянс пен америкалық әскери және арнайы қызмет ұйымдары Украинаны өзінің ықпалына алып отырғанын мақұлдады.
Көп ұзамай АҚШ-тың ВМС авиалайнерлері мен бомбалаушы ұшақтары да Қара теңіз айлақтарында бой көрсететін күні алыс емес деп отыр. Көп ұзамай Украина НАТО-ға кіруі мүмкін.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер