Иманбек, әкім берген сыйлықтан бас тартты

2979
Adyrna.kz Telegram

«Грэмми» премиясының иегері Иманбек Зейкенов туған жері Ақсу қаласында жастармен кездесіп, қала әкімінің ақшалай сыйлығына ие болды. Алайда, Иманбек өз сыйлығынан бас тартып, оны қайырымдылық қорына берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Иманбек өзі туралы және Мәскеудегі сапардан алған әсері мен  болашақ жоспарлары жайлы сөз етті. Ди-джейге облыс әкімінің және мәдениет министрінің құттықтаулары келіп түсті. Сонымен қатар оны «Қазақконцерт» директоры Жеңіс Сейдоллаұлы да қарсы алды. ⠀

Оған облыс әкімі заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін 2 миллион теңгені «премияға көрімдік» ретінде сыйға тартты. Ал Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жауып, сый-құрметке бөледі.

«Менде жұмысыма қажетті заманауи құрал-жабдықтар бар. Сондықтан мен бұл ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақпын. Мен ешқайда кеткім келмейді. Мен күн сайын қалаларды аралаудамын. Болашақ жоспарым, мен музыкамен жұмысымды жалғастырамын. Теміржолды тастағаныма бір жылдан асты. Қазіргі жастар бәрін жемқор деп ойлайды, оны жою мүмкін емес дейді. Бұның бәрі – жалған. Бәрі өз қолыңда. Ал мен келесі релизімді Шон Полмен құруды жоспарлап отырмын», - деді Иманбек. ⠀

Ол сонымен қатар әнші Элджэймен келісімшарт туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол онымен бірге тек ән жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер