Күнде уйде теледидар көрген кезде астынан байқасаңыздар NASDAQ 10 960, - 145, -1.5%, Dow Jones 27 330, + 50, + 0.15%, FTSE 6033, +5.20, + 0.09% деген сияқты жазуларды қараймыз да көбіміз онын не екенін түсінбейміз. Бірақ күніге осы жазуларды көреміз. Бұл деген фонд нарығындағы акциялардын жиынтық бағасы. Ең алдымен биржанын не екенін айталық. Әр елдің өзіндік қор биржасы бар. Мысалы сіз компанияңызға ақша қажет болып сіздің компанияныз қор нарығында акциясын сататындай талаптарға сай болса сіз өз компанияңыздын 20-30 % пайыз акциясын сатуға шығарып, жылдық табысыныздан акционерлерге белгілі бір бөлігін беріп отырасыз. Бір елдің қор биржасынын талаптарына сай келсе бірнеше мың компания қор биржасында акцияларын сата алады. Солардын ішінде ең мықты 100 немесе 1000 компания сол елдің жалпы биржасын қалыптастыра алады.
Өндірістік индекстегі Dow Jones-қа Америкадағы Apple, Coca Cola, Chevron, Microsoft сияқты 30 алып компания кіреді. Енді сіз қаласаңыз жекелей Apple-дің акциясын сатып алуыңызға болады. Жоқ қатты тәуекел етпеймін десеңіз, Dow Jones-тағы 30 компаниянын акциясын алсаңыз да болады. Сонда Dow Jones 27 330 деген сол 30 мықты компаниянын акциясынын бағасы, +50 деген сол күн ішінде 50 долларға қымбаттағанын ол 0.15% -ға өскенін білдіреді.
Енді жекелей қарағанда қазір пандемия уақытысы туризм мен ресторан саласында жағдай қиындау. Егер сіз осылардын акциясын алған болсаңыз, әрине сіздің акцияныз арзандап кетеді. Қазір фармацевтика немесе азық түлік сататын компаниянын акциясын алсаңыз акция қымбаттап, кірісіңіз де көбейеді.
Сәбит РЫСБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы