1-5 сыныптар аралас форматта білім алмақ - БҒМ

581

1 наурыздан бастап еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес кезекші сыныпта оқып келе жатқан 1-5 сыныптар аралас форматқа көшірілгенін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазіргі таңда оқушылардың 47%-ы дәстүрлі режимде және 53%-ы қашықтан оқыту форматында білім алуда.

"Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты штаттық немесе қашықтан оқытатын пәндерді әр білім мекемесі өздігінше анықтауға құқылы. Сондай-ақ, БҒМ негізгі пәндерді оқушылардың мектепке келіп, штаттық режимде оқытып, көркем пәндер мен музыканы қашықтан оқытуды ұсынып отыр. Осы бойынша тиісті әдістемелік ұстанымдар жасалып, білім мекемелеріне жеткізілді", - дейді вице-министр.

Шолпан Каринованың айтуынша, әр білім мекемесі 2021 оқыту жылына бекітілген оқыту жоспарына сай оқытуды бастады.

"Ерекше жағдайларда, мысалы оқушылар ауырып қалған немесе науқас адамдармен байланыста болған жағдайларда ата-аналардың өтініші бойынша оқушылардың қашықтан оқыту форматында қалу мүмкіндіктері бар", - деп түсіндірді БҒМ вице-министрі.

Санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы