Дін таңқурайды жеуге тыйым салды

3384

Израилдің бас раввинаты мейлі терілгеніне көп уақыт өте қоймағаны болсын, мейлі мұздатылған күйінде де болсын, сондай-ақ, құрамында таңқурай кездесетін тосап, т.б. өнімдерді жеуге діни себеп бойынша тыйым салды. Яғни, таңқурай кошерлі (бізше, халал болмағаны үшін – ред.) болмай шыққаны үшін осындай тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Мәселенің мәнісі сонда – кашрут (Тәурат пен Талмұдтағы иудейлер заңының жиынтығы болып табылады – ред.) бойынша шегірткеден өзге жәндіктерді, сонымен бірге, қос мекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды, желбезегі жоқ балық түрлерін азық ретінде пайдалануға қатаң тыйым салынған. Осындай себеппен аталған ел аумағындағы азық-түлік дүкендерінде ас шаянын, уылдырық, т.б. теңіз өнімдері кездеспейді. Ал жәндіктер бұл тұрғыда машақаты көп – олардың жүрмейтін жері жоқ – сол себепті, көкөніс, жеміс-жидек, ұн мен дәнді дақылдар мұқият тексеріліп дүкен сөрелеріне қойылады.

Израилдегі дүкендер мен қоғамдық тамақтандыру орындарында, дәмханаларда, мейрамханаларда мұнымен арнайы адам – машгиах айналысады. Тек сол мақұлдағаннан кейін өнімдер саудаға шығарылады. Енді бұған таңқурайдың қандай қатысы бар дейсіз ғой? Соңғы уақытта таңқурайдан құрт-құмырсқа көптеп табылып жатыр. Міне, осындай себеппен таңқурайды тұтынуға раввинат тарапынан тыйым салынды. Бұл тыйымның салынғанын Еврей мұражайындағы Rishon кошерлік кафесінің бас аспазы Александр Марон да растап отыр.

Оның айтуынша, таңқурайдың өзі кошер тұрғысынан жеуге болады, алайда, олардың әрбіреуін шұқылап ішін ашып тексеріп отырмайсың ғой, екіншіден, ішін ашып тексергеннен кейін тауарлық келбетін жоғалтады. Әзірге таңқурай өнімдеріненен әзірленген құрт шықпай тұрып әзірленген йогурт, балмұздақ секілді өнімдер сатылып жатыр. Өйткені, ол өнімдер кезінде тексеруде таза болып шыққан. Айтқандайын, таңқурайдың кошерлігі туралы талас-тартыс бекерден бекер пайда болған жоқ – жерде емес, бұтақта өсетіні үшін – жеміс пе әлде алма ретінде есептеле ме, кашрут тұрғысынан таңқурай жеміс болып саналса, бірінші жылында және отырғызылғанына жетінші жыл толғанда оны жеуге тыйым салынған.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар