Бекболат ҚАРЖАН.Ердоғанның саяси амбициясы АҚШ пен Ресейдің мазасын алып отыр

2482

 

Түркияның TGRT Haber телеарнасынан тікелей эфирде сөйлеген Ердоғанның сөздеріне америкалық саяси болжаушы Stratfor компаниясы 2050 жылға дейінгі Еродғанның ықпалы мен саяси амбициясы жөнінде болжам жасапты. Америкалық саяси эксперттер алдағы 30 жылда Ердоғанның, және Ердоғаннан кейінгі Түркияның халықаралық саяси ойында іске асыратын бірнеше бағытын айтыпты.

 

Эксперттер алдағы 30 жылда Түркия Ресейдің оңтүстік өңірлерін, Кубанды, Қалмақстанды, Қырымды, Астраханды, Солтүстік Кавказды өзінің ықпалына алады депті. Мұнымен қоймай, Түркияның саяси ықпалына Қазақстанды, Өзбекстанды, Түркіменстанды, Қызғызстанды, Әзербайжанды, Греция мен Донбассты, Парсы шығанағының мұнайлы өлкелерін, Египет пен Ливияны кіргізеді делінген.

АҚШ-тық саяси эксперттердің бұлайша болжам жасауына 2020 жылы Реджеп Тайып Ердоғанның өзгеше мәдімдемесі себеп болған. Түркия көп уақыт өтпей-ақ өзінің геосаяси ойыншы ретінде әлемдік саясатта реттеуші фунцкияны орындауға кірісуі АҚШ пен Ресейді ойландырып отыр. Көп ұзамай Түркияның мысын басу үшін АҚШ өзінің қуатты бомбалаушы дрондарын әлемге таныстырды.

АҚШ-тың эксперттерінің бұл жорамалы Ресейдің Госдумасында қызу талқыланып, терісқақпай пікірлер бұрқырады. Әсіресе, Түркияның Қазақстанға саяси ықпалы орыс саясаткерлерін қатты ойландырып отыр. Батыстың да, Ресейлің де пантүркисттік идеологияға көзқарастары теріс әрі Тұран әскери бірлестігінің орнауына қарсы. Қазіргі Түркияның геосаяи ойынға араласуы әлемнің ірі ықпалды державаларына жақпай отыр.

Соңғы уақытта Қазақстанды өзінің саяси ықпалына көндіруге Түркия, АҚШ, Ресей үшеуі өзара қақтығысқа түсіп келеді. Меніңше алдағы уақыттарда Қазақстанның болашағы, сыртқы саясаттағы бағыты да дұрыс болады деп ойлаймын.

 

 

,

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы