Нұрболхан Шарапов: Халық билікке керек емес

8082
Adyrna.kz Telegram

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов «вакцинаны өз еркімен салдырған қазақстандық қаза тапса, 500 мың теңге төленеді» деген ақпаратқа қатысты пікірін білдірді. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Инстаны ашсаң саясат! Билiк халыққа керек емес, халық билiкке керек емес боп тұр. Адамның құнын 500 мың қылғаннан кейiн не айтасың?! Базардағы жылқының құнының өзi 600-650 мың. Малдың бағасына да жетпедi ғой құнымыз. Кешегi сұмдық заңды қозғауға жүйкем шыдамайды тiптi. Депутаттарды халық сайламағаны анық. Қарапайым ант суын iше алмаған адамнан не хайыр күтуге болады? Сол заңды шет елден алып келiп, барынша енгiзуге тырысып жатқан депутат, министр қанша алады екен? Бұл билiкте әдiл, халқының қамын жеген пенде болу үшiн ИМАНДЫ, ҚҰДАЙДАН қорқатын басшы керек! Олай болмаса берекеңнiң қашқаны қашқан. Кiлең қалтам толса болды деген ниетпен жүрген жемқорлар. Сол жүйе, сол команда елдi басқарып отырған. Қашан тояды бұлар?! Көрлерiңе алып кетпейсiңдер ғой сол байлықты. Сұраласыңдар ғой! Шырылдап қалатын қарапайым халық қана. Бiздiң депутат, министрлерге ЛОГИКА дегенмен жұмыс жасау керек екен расымен.

Жұрттың баласын қарашы дегендей, жұрттың басшыларына қарашы дегiң келедi. Түркия басшысының халқына айтқан сөзi ұнайды: - Құдайдан басқа ешкiмнен қорықпа жалынба, тiзе бүкпе. Мейлi ол Президент, басшы, олигарх болсын деп. Мiне, Құдайын таныған адамның жөн сөзi.

Эфирiң анау азып бiттi. "Ел болам десең эфирiңдi түзе!" деп шырылдап жүргенiмiзге неше жыл болды. Өңшең гей, транс, жезөкше, ЛГБТ-ны қалыпты жағдай етiп сiңiрiп, жарнамалап бiттi. Рейтинг, атақ, ақша үшiн!

Көп нәрсе жазғым келедi. Сыймайды мына жерге. Бәрi дұрысталу үшiн бiр дүмпу керек па сонда?! Неге өздiгiнен, ақылмен, логикамен шешiлмей кеттi проблемалар? Қоғам дұрысталу үшiн өзiмiзден бастайықшы онда. Пара сұраса, "сіз" бермеңiз. Жемқор билiкке таласса, "сіз" дауыс бермеңiз т.с.с.»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер