Төтенше жағдайларға сақтықымыз қалай?

2762
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі күнде тек еліміз ғана емес, күллі дүние табиғат өзгерістерінің түрлі қауіп-қатерлеріне дөп келіп отыр. Ғаламдық жылыну, ауаның ластануы, құрлықтар ғана емес, теңіз-мұхиттарға дейін қоқыстардың жайылуы, сонымен қатар ойламаған жерден туындайтын түрлі төтенше жағдайлар сала мамандарының бас ауруына айналуда.

Өткен жылы ғана Break Free From Plastic ұйымы күллі жершарын пластик құмыраларымен ластаған бренд өнімдердің рейтингін жасаған екен. Рейтинг басында Coca-Cola, Nestlé, PepsiCo компаниялары тұр.

Ал, күтпеген жерден туындайтын төтенше жағдайлар жайын сөз етсек, елімізде ол саланың сақтық деңгейі қай мөлшерде? Бұл саланың мамандары Қазақстан бойынша өз қалдерінше сақтық шараларын жасап, жұрт назарын аударуда қолдан келген шараның барын жасауда.

Төтенше жағдай дегеніміздің өзі белгілі бір аумақтарда халықтың өмір-тіршілігіне қатер төндіретін табиғи құбылыстар, катастрофалар, стихиялық немесе өзге түрде кездесетін апаттар арқылы, жұртты материалдыө және денсаулық жағынан ауыр шығындарға ұшырататын, тіпті, өлім-жітім қаупін тудыратын жағдайлар

Республиканың әр түкпірінде, әр мезгілінде туылатын түрлі өрт апаттары, су тасқыны сияқты ірі қауіптерге сай заңнамалық актілер негізінде сақтық шаралары жақсы жолға қойылған.

Біздің елде тек қана су апатының өзінен әр жылы 300 мыңға жуық адам зардап көреді екен.

Осы жылдың 20-шы сәуірінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткен еді. Оған облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың басшылары, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының мамандары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Апат жағдайларының қалыптасуына әлеуметтік мәселелердің тигізетін кесірі мол. Технологиялық және түрлі табиғи апаттар халықтың өмір сүру жағдайын қиындатады. Тіпті, халықтың қалыпты тіршілігін бүлдіріп, мемлекеттік саясатқа әсерін тигізеді. Сол үшін кез келген ел төтенше жағдайларда халықтың толқыған көңілін түрлі шиеленістерге жетуінің алдын алып, қоғамдық және экономикалық мәселелерді оңтайлы реттеуге әр қашан дайын жүруі керек.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ғалымдары Instagram, Facebook, Telegram және басқа әлеуметтік желілер арқылы консультациялар ұйымдастырған. 30 наурыздан бастап «ҰАҒБО» КеАҚ-ның, ҚазҰАУ және ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, мақта шаруашылығы, жеміс-жидек, күріш, мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп 55 мың фермерге 7 онлайн-кеңес өткізген.

Қазақстанда географиялық  орналасу жағдайына қарай көп түрлі табиғи апаттар тіркеледі. Дүниежүзілік банк мамандары халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, апат деңгейін төмендетуге түрлі ұсыныстар жасауда. Ендеше, табиғи апаттар тудыратын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін не істеу керек?

Осы мәселелер төңірегінде Дүниежүзілік банктің  Орталық Азиядағы  табиғи апаттарды басқару жөніндегі жетекші маманы Ко Такеучи: "Қазақстанда су апаты жиі туындайды. Бұл апаттардың зардабы жойқын болмағанымен, экономикалық тұрғыда көп шығын тудырады. 2005 жылы су тасқыны 7,6 миллион доллар,  2008 жылы 100 миллион доллар, 2010 жылы 40 миллион доллар көлемінде шығын келтіріп,  40 адамның өмірін жалмады. Қысқасы, Қазақстанда  тек су апатының өзінен әр жыл сайын 300 мыңға жуық адам зардап тартады. Жалпы ішкі өнімге бұдан келетін шығын үш миллиард доллар мөлшерінде", - деген болатын.

Атам қазақта «Сақтықта қорлық жоқ» деген аталы сөз бар. Жоғарыда аталған түрлі қауіптердің алдын алу шараларымен қоса барша қазақстандықтарды ондай жағдай туындағанда сақтанудың амалдарын біле жүргені абзал.

 

Ұларбек Дәлейұлы

 

 

Пікірлер