ТikTok-та Алаш арыстарын мазақ қылған кімдер?

1488

Әлемде кеңінен таралып жатқан Тик-Ток әлеуметтік желісін, оның зияны мен кемшіліктерін Адырна” атап өткен болатын.

Ендігі мәселе мынада..

Бұл желіні пайдаланушылар өздеріне ұнаған әндеріне сай би билеп, немесе түрлі қимылдар жасау арқылы видео түсіреді. Қазір, соңғы кезде трэндке айналып жатқан ол, бет-жүзін камераға мейлінше жақындатып, музыка ырғағына сай басты қозғалту.

Жастардың қазіргі қызығушылығы мен түсіріп жатқан бейнежазбаларына айтар қарсылығымыз жоқ. Дегенмен, ойын – ойынымен.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан ендігі мәселе, ол - Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы мен Нұрсұлтан Назарбаевтай қазақтың  ұлы, дана, елі үшін қызмет еткен біртуар азаматтарының азғындардың құрбанына айналуы.

Әлихан Бөкейхановтың атылар алдында, түрмеде түсірілген соңғы суретімен ойнағаны Алаш арыстары мен олардың еңбегін бағалайтын әр азаматтың ашуына тиіп отыр.

Қазақ жазуының реформаторы – Ахметтің, Ұлы ақын -Абайдың, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін шаңырағымыздың төріне іліп қоюдың орнына еріккенің ермегіне айналдырып, жем қылып отырмыз.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жазған хатынан үзінді...

«Шырағым Ахмет! Шырағым Міржақып! Сендер қайта-қайта абақтыға түсе бересіңдер. Оған налымаңдар. Атам заманнан, Прометейден бергі уақытта ел үшін күрескен азаматтардың көргені - абақтының есігі. Баяғыда доңыз бен аққу дос болыпты. Доңыз сонда аққуға: «Ей аққу, сен айтшы, күн бар дейсің, сол күнді мен неге көрмеймін» депті. Сонда аққу: «Әй доңыз, сені Алла төмен қаратып жаратқан. Сондықтан, сен күнді көре алмайсың» депті. Шырағым Ахмет! Міржақып! Болашаққа күнді көре алатын ұрпақ керек. Сол ұрпақ сендердің аттарыңды атап, құрмет көрсетіп жатса, бақытты емессіздер ме!?» деген екен.

Сондағы көрсеткен құрметіміз осы ма? Ата-бабамыз аңсап жете алмай кеткен тәуелсіздік уысымызда тұрған кезде, мейлінше есімдерін ардақтап, алғыс айтып, тағзым етудің орнына істеп отырғанымыз осы. Біз Әз-Жәнібек, ұлы Абайдың ұрпақтары еліміз бен жерімізге қасық қаны қалғанша еңбек еткен әр тұлғаның есімін ұлықтап, олардың есімдерін тарихта алтын әріптермен жазылуы үшін өз ықпалымызды тигізуіміз керек.

Аталарымен ойнағандарды іздеп, оларды жазасыз қалдырмау керек” – дейді, желі қолданушылары.

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы