TIK-TOK-тан құрбан болғандар..

7964
Adyrna.kz Telegram

Әлем бойынша İnstagram және Facebook сынды әлеуметтік желілерді басып озғалы тұрған TİK-TOK-ты көбіне жасаөспірімдер жиі қолданады.

2016-жылы пайда болған бұл желі қолданушылары қызықты видеолар түсіру арқылы өздеріне оқырман жинайды. Біреулер үшін қызығушылық болса, біреулер осы желіні табыс көзіне айналдырып отыр. Қазіргі таңда ТІК-ТОК-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады екен.

Тренд деген не?

Бұл бір бестеллер сынды. Бірақ өте жылдам өтіп кетеді. Айдың басында осындай видео түсіру тренд болса, соңында мүлдем басқа музыка мен би қимылдары басқа видео трендке айналып кетеді.

Тренд үшін құрбан болғандар..

Tik-TOK әлеуметтік желісіндегі трендті түсіремін деген әр жазылушы біраз тер төгетіні анық. Бірнеше ай бұрын белін қозғалтатын биді билеймін деп сүйегін шығарып алған қыздың видеосы да осы TİK-TOK-та тараған болатын. Күні кеше Тараз қаласының 15-17 жасжасөспірімдері ТІК-ТОК үшін төбелесіп, біреуі пышақпен жарақаттанған болатын. Бұдан бөлек, бірінші реттен видео шықпай қалған немесемузыкаға іс-қимыл сәйкес келмеген жағдайда жастардың ашуға булығатыны анық. Мұның өзі жасөспірімдер мен жастардың психологиясы мен жүйке жүйесіне едәуір зиянын алып келері анық.

Неліктен жастар, бүлдіршіндер TİK-TOK-қа құмар?

Карантин кезінде үйде жатып TİK-TOK-қа жазылып, видео түсіріп бастағандардың саны артпаса кемімегені анық. Одан бөлек өзге де қолданушылардың жариялаған видеожазбаларын көріп,  шыға алмай уақытының бәрін сонда өткізетіндер көп. Сол үшін де жастар бос уақытының барлығын осы желіде өткізеді.

Қазіргі трендтегі видеолар

Бұл желіде билеп түсіретін видеолардан бөлек,басқа да жастардың санасын улайтын видеожазбалардың қарасы көбейіп келеді. Мысалы, менің жасым 18-де болғанда мені мына жігіт(күйеуінің суретін көрсетеді) ұрлап кетті. Кейін менің аяғым ауыр болды(Жүкті кезіндегі суретін қояды). Одан соң мені күйеуім тастап кетті деп, өзінің қазіргі суретін қояды. Осы сынды видеолар біреу ғана емес біршама. Сонда біздің елдің жастары осындай насихатқа құмар ма?

Трамп және TİK-TOK

Осыдан бірнеше апта бұрын АҚШ-та TİK-TOK әлеуметтік желісінің жабылатынын хабарлағанболатын. АҚШтың ТІК-ТОК қолданушылары өз жазушыларымен қоштасып, көздеріне жас алып жатқандары да болды.

Трамп TİK-TOK-тан неге қорықты?

Дональд Трамп АҚШ-та Қытай фирмалары жасаған және оған тиесілі мобильді қосымшалардың таралуы "ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясатқа және Америка Құрама Штаттарының экономикасына қауіп төндіреді"- дейді. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы түсінбеушіліктен туындаған мәселе ме, әлде Трамптың бір білгені бар ма?

Саны артпаса азаймайтын бұл желіні қолдану біреулер үшін мақтаныш болса, енді біреулер үшін намыс екен. Не болса да қазақи әдеп-дәстүр шетке ысырылып, жастарымыздың бойы өзге елдің менталитетіне үйреніп кетпесе екен.

Бізден сізге кеңес. Ата-ана болған соң балаңыздың не көріп, үйреніп жатқанын сіздің біліп отыруға құғыңыз бар. Тым болмағанда айына бір рет ұялы телефон, планшет сынды құралдарын тексеріп, балаңыз неге құмар, не көретіндігінен хабардар болыңыз. Мүмкіндігінше балаңызға зиян келетін немесе бұрыс нәрселерді насихаттайтын заттардан бойын аулақ ұстағаныңыз өзіңіз үшін де, балаңыз үшін де пайдалы болады.

Өзі кішкене ғана уақытыңызды пайдасыз, бос өткізгіңіз келсе осы желіге тіркелуге кеңес береміз.

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер