Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери шиеленіс. Ондаған адам қаза тапты

1192
Adyrna.kz Telegram

7 мамырға қараған түні Үндістан мен Пәкістан арасындағы зымыран шабуылдарының алмасуы салдарынан екі тараптан ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Атап айтқанда, Пәкістан өзінің аумағында 26 бейбіт тұрғынның қаза тауып, тағы 46 адамның жараланғанын хабарлады.

Ал Үндістан 10 адамның қаза тауып, 48 адамның жараланғанын жеткізді.

Үнді армиясы «Синдур» операциясын жүргізіп, оның аясында Пәкістан аумағына зымыранмен соққы берді.

Үнді БАҚ-тары «Синдур» операциясы барысында 12 «террористің» жойылғанын хабарлады. Ал Исламабад ресми түрде бастапқыда сегіз адамның қаза тапқанын растады, бірақ оларды «террорист» деп атамады.

Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф елдің әскери күші Үндістанның бес жойғыш ұшағын, оның ішінде француздық Rafale ұшақтарын атып түсіргендерін хабарлады. Бұдан соң Пәкістан ракеталар мен артиллерияны қолданып, қарсы соққы жасағаны белгілі болды.

Кейінірек Пәкістан қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, егер Нью-Дели шегінсе, Исламабад Үндістанға қарсы әскери әрекеттерді тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл оқиға Делидің Пәкістанды Үндістан бақылауындағы Кашмирде туристерге жасалған шабуылға қатысы бар содырларды қолдады деп айыптауынан екі апта өткен соң өрістеді. Сол шабуыл кезінде 26 адам қаза тапқан. Олардың бәрі үндістандық екені айтылады. Пәкістан билігі бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер