Оқытушы Zoom-дағы дәріс кезінде қайтыс болды

2926
Adyrna.kz Telegram

Аргентинада ZOOM арқылы өткен онлайн-дәріс кезінде де ла Эмпрес университетінің оқытушысы қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті басылым Clarin.

Оқиға сәрсенбі күні болған. Басылымның хабарлауынша, 46 жастағы Паола де Симоне студенттерге арналған онлайн-дәріс кезінде дем ала алмай бастап, көп ұзамай есінен танып, қайтыс болған.

Приступ басталған сәтте-ақ студенттер дәрігерлерді шақыру үшін де Симоненің мекен-жайын сұраған, бірақ оқытушы оны айта алмай, үзіліп кеткен.

Басылымның хабарлауынша, тамыз айының соңында де Симоне өзінің Твиттердегі парақшасында бір айға жуық уақыт өзінде коронавирустың белгілері бар екенін жариялапты.

Бұған дейін Аргентина билігі коронавирусқа байланысты енгізілген карантинді 20 қыркүйекке дейін ұзартуға шешім қабылдаған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 472 000-ке жетіп, 9 739 науқас қайтыс болған.

 

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер