“Shymkent” ӘКК” АҚ арқылы 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

3093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/983fb3d9-cc4b-4c44-9682-045f04cf5dee.jpeg
Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезден бастап, қалада тұрғын үйге деген сұраныс артқан. Осыны ескерген «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent» ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 26 тұрғын үй құрылысы бойынша 6 келісім-шарт жасаған. Оның ішіндегі 21 үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі екен. «Тұрғын үйлердің құрылысы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ-ның кредиттік қаражаты есебінен және ӘКК-ның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Корпорация пәтерлерді сату жолымен шамамен 12.8 млрд теңгеге қол жеткізеді, оның 11.8 млрд теңгесін қолданыстағы кредит бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қайтаруы қажет»,-деді Б.Канкин. Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысы негізінде «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған 24 үй пайдалануға берілді.  

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии