Тоқаев: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

8580
Adyrna.kz Telegram

Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. (...) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Пікірлер