Қытай коронавирус үшін бәрінен айырылуы мүмкін

7945
Adyrna.kz Telegram

Егер басқа елдер Қытайды коронавирус туралы өтірік айтты деп айыптаса, онда Қытай пандемия үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, әлемдегі төтенше жағдайға тікелей жауапты болады. Жағдайдың қалай өрбитініне "Росбалт" сараптама жасап көріпті.

Әлемдік экономиканың  протекционистік саясат заңдылығының сценариі бойынша «алтын миллиардтар» кедейлерге қарағанда көп ештеңе жоғалтпайды.

Дональд Трамп COVID-19 тудыратын вирустың пайда болуы Ухандағы зертханада жасалған деген болатын, ал жергілікті базардағы жарқанат жайлы аңыздардың қауіпті вирусқа қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Қазірдің өзінде Қытайға қарсы алғашқы сот ісі басталды. «Қытай үкіметі бүкіл әлемге COVID-19 қауіптілігі мен жұқпалы табиғаты туралы өтірік айтты, вирус жайлы ақпарат берушілердің үнін өшірді және аурудың таралуын тоқтату үшін аз жұмыс жасады», - деп Миссури штатының бас прокуроры Эрик Шмитт мәлімдеді. Оның айтуынша, «Олар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы керек» .

Қытай билігі өтірік айтты ма деген сұраққа шынайы жауап Германияға да қажет. Қытаймен "ауылы аралас, қойы қоралас" Ресейде де одақтас көршіге қарсы ашу-ызы "элита" ішінде де байқала бастады. Батыс баспасөзі Кремльге өте жақын деп бірнеше мәрте айыптаған миллиардер Олег Дерипаска  бұл жағдайды«уханьдағы Чернобыль» деп баға берді

Қазіргі жағдай Қытайды тығырыққа тіреуде, арызданған елдер қойылған сұрақтарға шынайы жауап беруді, дәлірек айтсақ, қойылған сұрақтарға сенімді жауапты күтеді. Әйтпесе, дәл сол Дональд Трамп Қытайға көктегі Құдайдың жазасынан бұрын жердегі санкцияның жазасы ауыр тиетінін айтуда.

Еуропалық баспасөз, Қытай құпия демеушілік жасаған Африканың көптеген елдері  енді оны қабылдамайды және қазіргі дағдарыстың сылтауымен қарыздық ауыртпалықтан шығу үшін қарыздарды қайтармаудың жолын іздейді деп жазуда. Қарызды қалай қайтармайды? Дұрыс айтасыз, коронавирус!

Карантинді жою немесе адамдарға төлем жасау керек пе?

Экономикасы дағдарыс кезінде күрт қысқарған Батыс 2020 жылдың жазынан кейін Қытайдан тауарлар экспортынан толығымен бас тартуға ниетті деген қауесет бар. Санкциялар кейінірек басталады ма, жоқ па маңызды емес. Бұл күрт қысқарған нарықтарда тұтынушылық сұраныстың төмендеуі жағдайында (тауарлардың жекелеген санаттары үшін бірнеше рет дерлік) қытайлық бәсекелестерге өздерінің арзан өнімдерімен мұқтаж емес.

Экономистер  оқиғалардың мұндай дамуы жаһандық экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіреді деп қорқытуда. Олардың айтуынша, тағы бірнеше ондаған жылдар бойы «вирусқа дейінгі» деңгейге дейін өседі. Бұл бізді жаһандық тоқырау күтіп тұр және жағдай Ұлы депрессиядан да жаман дегенді білдіреді.

Бірақ бұл «дамыған» деп аталатын экономика үшін соншалықты қорқынышты ма? Ескі бір атақты анегдоттағыдай: "арақ қымбаттағаннан кейін әкесі арақты аз ішпейді, оның отбасы тамақты аз жейтін болады". Егер Дональд Трамптың "мейірімді" жүрегі үшін қымбат болған протекционизм саясаты барлық жерде гүлденсе, жаһандық экономикада да солай болуы мүмкін.

Сонда барлығы ұлттық мәселелерді, ең алдымен жұмыс орындарын үнемдеуді шеше бастайды. Өйткені, жұмыссыздар дүкендерден азық-түлікті аз сатып алып қана қоймай, сайлауда билікке қарсы дауыс береді. Олардың пікірімен парламенттік демократиялық республикаларды айтпағанда Белоруссия сияқты авторитарлық елдерде де санасатынын жоққа шығаруға болмайды. Осылайша, дамыған экономикалар өздерін іштей құлыптай бастауы мүмкін, ал осы клубтың артында қалған Үшінші әлем елдері ашаршылық пен эпидемияға одан да терең түсе бастайды.

Егер арзан жұмыс күшімен және үкіметтің күшімен бәсекелестер жоғалып кетсе және олар жоғары ішкі сұранысты сақтай алса, дамыған ұлттық экономикаларда дағдарыстан шығудың жолы тез болады. Бірақ бұл тек «алтын миллиардты» деп аталатын елдерге ғана қатысты, олар аз немесе жоқ нәрселердің өзімен өздерін қамтамасыз етеді.

Бұл жағдайда дағдарысқа дейінгі универсальды өндірістің ұстаханасы саналған Қытай жалпыға бірдей әлемдік форма мәртебесінен айрылып, артта қалып қоюы мүмкін. Бұл сценарийде ол тек ноутбуктар мен смартфондар ғана шығаратын құрастыру цехының тар профиліне ие болады. Олардың өндірісі, сайып келгенде, АҚШ пен Еуропаға берілуі мүмкін, Дональд Трамп көптен бері осы мәселені сөз қылуда. Өйткені дағдарыс  жұмыссыздықтың жоғарылауына және жергілікті жұмыс күшінің арзандауына әкелуде.

Мұның бәрі фантастика ма немесе антиутопия ма? Әбден мүмкін. Бірақ бұл жекелеген саясаткерлерге осындай схемаларға негізделген шешім қабылдауға кедергі келтіре ме? Ресей билігіне ОПЕК + келісімін бұзу арқылы американдық тақтатас мұнайын өндіруді «асыра орындауға» ештеңе кедергі болмады. Бұл геосаяси (бірақ экономикалық шешім емес) ойынның нәтижелерін көрдіңіздер,  Ресей бюджеті бүйірден оңбай алған соққыдан еркін дем ала алмауда. Мұнай бағасының құлдырауын тоқтату әзірге мүмкін емес.

Осындай оқиға Қытаймен де туындауы мүмкін. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде билікте тұрған популисттер кенеттен беймәлім  шешімдер қабылдауға мәжбүр болғанда, олар «айыптыны» тауып, оған кінә тағуды қалайды.

Әдетте, кездейсоқтық бәріне ұнамайды немесе жасырын түрде қорқады. Қазіргі әлемде көптеген мемлекеттер үшін бұл Қытай екендігінде күмән жоқ.

Дайындаған Оңғар Қабден

Пікірлер