Алтай елі қазақты арқа тұтады

2349

Ресей Федерациясы, Алтай Республикасынан Алматыға арнайы келген дәстүрлі орындаушыларды Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Мамай Ахет мырза қабылдап, басқарма ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Алыстан ат арытып келген Ырысту Мечешев пен Алтын-Ай Баратова есімді өнерпаздар, түріктанушы Білге Өзел бауырлас елдердің ыстық ықыласы мен сәлемдерін ала келгендігін жеткізді.

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Мамай Ахет қазақ эпостары бойынша түсірілген мультфильмдерін көрсетіп, қонақтарға дискілерін тарту етті. Алтайлық туыстарымыз Алтай эпостарының өте көптігін, бірақ, өздерінің халық туындыларын жас балаларға жеткізу үшін мультфильм түсіруге мүмкіндіктері жоқтығын өкінішпен айтып, қазақтардың игі істеріне өз сүйініштерін жеткізді. «Біз қазақты Тәуелсіз ел ретінде арқа сүйеп, құрмет тұтамыз. Бізде көп дүниеге еркіндік жоқ. Болашақта Алтай халқының эпостарынан да мультфильм түсіріп берсеңіздер» деген өтініш айтты Алтын-Ай Баратова.  

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қонақтарға түрік халықтарының бірлігі мен достығын нығайту, ортақ құндылықтарын насихаттау ісіндегі ерең еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттап, ерекше ықылас білдірді. Түріктанушы Білге Өзел, талантты әншілер Ырысту Мечешев пен Алтын-Ай Баратова Алматы қаласы әкімшілігі тарапынан көрсетілген ықылас-ілтипатқа зор алғыстарын жеткізді.


Арман ӘУБӘКІР,

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының жетекшісі

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket