«ДАҢҒЫРА» этникалық дабылдар фестивалі

7952
Adyrna.kz Telegram

2016 жылдың 07-08 мамыр күндері Алматы облысындағы Тамғалы-тас шатқалында «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қоры мен «Алматы» даңғырашылар жобасы және Ұлы Дала марафоны"Tengri ultra trail" және "Djembe jam" даңғырашылар мектебі, "Ассем-Ай" театр студиясы, «Ұлы Дала көшпенділері» журналының ұйымдастыруымен даңғырашылардың «Даңғара-2016» атты фестивалі өтеді.

 Даңғыра – соқпалы-шулы аспап. Даңғыра жасауға ағаш және мал терісі қолданылады. Шанағы дөңгелек шеңбер етіп жасалып, бір жақ беті терімен қапталады. Ағаш шеңберге иленбеген бұзау терісін таспамен тігеді. Шеңбер ішіне айналдыра темір шығыршықтар тағылады. Керілген тері кепкен соң, үстінен таяқпен ұрғанда шыңылтырланып тарсылдап, қатты дыбыс шығады. Даңғыра – қазіргі барабанның қазақ арасына кең тараған түрі. Даңғыра түркі тілдес халықтардың барлығында кездеседі. Әсіресе, өзбек халқында бұл аспапсыз бірде-бір жиын-той, би әуендері өтпейді. Даңғыраны жаугершілік кезінде дыбыс қағуға да қолданған.

Қазақтың  музыкалық аспаптары Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарының, сондай-ақ қалмақтар мен монғолдардың музыкалық аспаптарына көп ұқсастығы бар. «Музыка аспаптарыныңөз ара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге,Алтайға жетелейді», - деп түсіндіреді  музыка зерттеушісі В. Виноградов. Аспаптар өздерінің аталуына, құрылысына, пішін -түріне, ою - өрнегіне, шығатын үніне қарай белгілі бір ұлтқа тән болған, сол ұлттың өнерін паш еткен.

Бізге білгілі бір тектес аспаптар өз ара ұқсас болғанымен, олардың жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, тофылар,шорцылар өз музыкалық аспаптарының бұрынғы құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес аспаптарын зерттегенде  оның  эволюциялық дамуының кейбір жақтарын анғаруға болады.

  Үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың дауысын салу үшін пайдаланылғаны ешқандай дау туғызбаса керек. Мұндай аспаптарды біздің  бабаларымыз жорыққа шыққандарында, аң аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт-жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын және мембраналық ұрып ойналатын түрлері өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады. Ал, кейін келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспаптардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған.

 Фестиваль аясында кәсіпқой дабылғышылармен бірге даңғарада жеке және топтық түрде ойнай аласыз. Садақшылармен бірге жебеден нысана көздейсіз. Ежелгі Түркілердің ән-жырымен сусындап, нағыз көне заманның өзіне саяхаттап қайтасыз.


"Адырна"

Пікірлер