Ашғабадта медициналық маска таққан әйелді полиция ұстады

3363
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстан астанасында 24 ақпанда полиция медициналық маска таққан әйелді ұстады. Бұл туралы "Хроники Туркменистана" сайтына сілтеме жасап, centralasian.org хабарлады.

Ашғабадтық әйел кешке үйіне қайтып келе жатқанда оны полиция қызметкерлері тоқтатып, төлқұжат көрсетуін сұраған. Құжатта қателік болмаған, бірақ полиция қызметкеріне әйелдің медициналық маска таққаны ұнамаған.

"Сен үкіметтің вирусқа қарсы қолданған шараларына сенбейсің бе? Біз, басшыларымыз маска тақпайды. Сен неге тағып алғансың?" - деп сұраған полиция қызметкері маскадағы әйелден.

Әйел дәрігерлер кеңесіне құлақ асқанын айтқанымен, оны полиция бөліміне алып барып, 249 манат (ресм бағаммен шамамен 70 доллар) айыппұл салған. Айыппұлды банк арқылы төлеуді талап еткен. Полиция кепіл ретінде әйелдің төлқұжатын алып қалған.

Келесі күні әйел айыппұл төлеп, төлқұжатын қайтарып алған.

Пікірлер