Тарбағатайда ереуіл: Ақжар жеке аудан болса...

3693
Adyrna.kz Telegram

Аймақ басшысының Ақжардағы тарбағатайлықтармен кездесуі әдеттегіден өзгеше тартысты жағдайға өтті. Халықты сабасына түсіріп, бірден тізгінді қолға алған аймақ басшысы нақты жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндағы тұрғындардың негізгі талабы Ақжарды қайтадан аудан орталығы етіп, шекара маңындағы үдере көшкен халықтың көшін тоқтату болды.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселелерден хабардар екенін, оны шешу үшін Үкіметпен кеңесетінін жеткізді. Мұның өзі ақжарлықтарға үлкен үміт сыйлап, олар ризашылықтарын қол соғумен білдірді.

Халық жиында жол, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауылшаруашылығы, спорт саласына қатысты қордаланған мәселелерді ашып айтты және сауалдарына сол жерде тұщымды жауап алды.

Жиында жергілікті жомарт кәсіпкерлер баспана сұрап келген, көп жыл үйсіз-күйсіз жүрген үш анаға сол жерде пәтер алып беретінін айтып қуантты.

Ал белгілі бапкер Сержан Омарбеков ауыл балаларын спортқа тарту мәселесін көтерді. Спорт ғимараттарының жетіспейтінін айтты. Даниал Ахметов бұл мәселені бірден шешіп, қаржы бөлетінін жеткізді.

Жиыннан соң жұрт жеке мәселелері бойынша да облыс әкімімен және басқарма басшыларымен жүздесті.

Өңір басшысы берілген тапсырмаларды өзі бақылауға алып, Ақжарға тағы да айналып соғатынын айтты.

Алтайньюс

Пікірлер