Бірнеше жерден пышақталған. NCOC қызметкері үйінен өлі табылды

1003
Adyrna.kz Telegram

29 сәуір күні Атырауда өз пәтерінен 45 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті табылды. Ол NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған, мұнай-газ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полицияның мәліметінше, әйелдің денесінде пышақ жарақаттары болған, ал үйдегі сейф бұзылған. Қылмыс Авангард ықшамауданындағы "Француз кварталы" тұрғын үй кешенінде орын алған.

Шпанованың туыстары Адам құқықтары жөніндегі бюроға жүгініп, істің жан-жақты тергелуін талап етуде. Олар қылмыстың әйелдің кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1987 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір бұл факт бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Бибігүл Шпанова Кашаған кен орнын игеру секілді ірі ұлттық жобаларға қатысқан.

Ал NCOC (North Caspian Operating Company) – Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Компания еліміздің теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру жобасын жүзеге асырумен айналысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер