Қазақ оюларының тарихы тереңде

3418
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы «Темірқазық» баспа үйінде түріктану семинарында суретші, қазақ ою-өрнектерін зерттеуші Ерлан Қожабаевпен кездесу болды. Екі аптада бір өтіп тұратын түріктану семинар түріктанушы ғалымдар Хәкім Омар мен Ербол Құрманбаевтың, кәсіпкер Сәкен Орынбекұлы Сейфуллиннің бастамасымен жүзеге асқан еді. Бүгінде онда түріктану тақырыбы бойынша түрлі сала мамандарына орын беріліп, тарих-этнография мәселелері төңірегінде ашық пікір-талас алаңына айналдып отыр.    

Семинардың кейінгі кездесуінде суретші Ерлан Қожабаев өзінің «Қазақ оюлары» («Қазақ оюлары тәңіршілдік мәдениетінің пиктограммалары... ») атты тақырыптағы дәрісі өте қызықты өтті. Қазақ оюларының шумерлер мәдениетімен, сақ, ғұн, көне түрік қолөнерімен тікелей астасып, сабақтасып жатқандығы сөз болды. Суретші 1940-шы жылға дейін ою-өрнектердің өзінің табиғи болмысын сақтап келсе, 1950-60 жылдардан бастап байырғы қалыптасқан үлгісін, төл болмысын жоя бастағандығын сөз етті. Ерлан Қожабаев қазақ оюларын мұрағаттардан, музейлерден, тарихи орта ғасырлық кешендерден (Қарахан баба, Айша бибі, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері) алып, қалпын бұзбай қайта жаңғыртып, өз қолымен салып, бүгінгі суретші-дизайнерлерге қалай қолдану керектігін көрсетуге тырысқан.  Суретшінің Алматыдағы «Мектеп» баспасынан альбом кітабы 7 000 теңге тұрады. Әрбір тарихи фото мен пайдаланылған материалдарға автор сілтеме жасаған. Кітаптың ғылыми-сипаттамалық, мазмұндық-семаниткалық жағына өнертанушы Бек Ыбыраев, түріктанушы Нәпіл Базылхан тәрізді ғалымдар көп көмегін көрсеткен.


Арман СЕРІКҰЛЫ   

 

Пікірлер