Ел болып тұрып жау болғаннан сақтан

2788
Adyrna.kz Telegram

( Қордайдағы қақтығыс)

Қазақ қашаннан ел басына күн туғанда жұмыла жұдырықтай бір тудың астына біріге білген ұлы халық. Ежелден қазақ қонағын төрге шығарса да төбесіне шығармаған. Жер бетінде рухы өр,тәні бекем қайсар бір ұлт болса ол қазақ деп білсін.  Ия, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бірақ осы ұлы далада ежелден бері өмір сүріп келе жатқан ата -бабаларымыз, туған жердің әрбір ой-шұқыры үшін қанын төгіп, жанын қиған. Осыншам кең байтақ жерді жауларынан қорғап, дін аман-сақтап алып қалып бүгінгі ұрпаққа табыс еткен сол батыр да баhадүр  бабаларымыздың алдында тағзым етуіміз керек. Қазақстанға алдымен ресейден сонау 1914 жылдары жер қоныстанушылар келіп кірді. Содан кейін, 1945 жылдара мәлімет бойынша 2млн 464 мың адам депортациялану арқылы келіп кірген. Ұлы Отан соғысы аяқталған кездері көшіп келушілер тасқыны еселей түскен. Мысалы, кейбір деректер бойынша 1897 жылы қазақтың саны 85%  болса,1962 жылдары бұл сан 29% пайызға азайған екен.

Сонау соғыс басталған жылдары Ресейдің Еділ жағалауынан 360 мың немістер көшіліріп алып келіп, сол ата-бабамыздың жеріне немістер автономиясын құрмақшы болғанда намысшыл қазақ елі атқа қонып, елдің тұтастығын сақтап алып қалған екен. Міне, бұл кешегі күнгі тарих. Қазақ ешбір ұлтқа зорлық-зомбылық жасамаған бейбіт жатқан халық.   Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ қоңтайшысына айтқаны : «Біз қазақ деген өзіңіздей мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп, жеріміздің шетінен жау баспасын деп, найзамызға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған еліміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасына таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болып тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, мен көмір-еріткелі келгенбіз. Қазақ , қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Маған таныс саған жат жерде танысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан да мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпармын-жарысқалы келгебіз, тұтқыр сары желіммін-жабысқалы келгенбіз. Бітісер болсаңыңз жөндеп бітіміңізді айтыңыз, не ұрыстан жеріңізді айтыңыз-деген екен. Айбынды қазақ елі көзінің жасымен бойынан аққан қанымен тарих беттеріне жазды.

Қазақстанда бүгін тұрып жатқан 100 ден аса ұлт пен ұлыстың қазақ халқына сірә өкпесі жоқ шығар.  Бір ұлтты кемсітіп, бір ұлтты кеміткенінін есітіген емеспіз. Көшіп келген-ауып келген қаншама этнос өкілдерін бауырына басып, соңғы дәмін алдына жайғандығын жақсы білеміз. Өздері аш қалса да қонағынының тоқ жатқаныны тілейтін қайран қазақ осындай. Қазақтың осыншама мейірімділігін, мәрттігін, үлкен адамгершілігін, кейбір ұлт өкілдері асқандықтан, тойынғандықтан өз пайдаларына қолданып зұлымдық әрекет жасайтындар жоқ емес. Міне бүгінде, сол қазақтың кеңпейілділігі, асқан қонақжайлылығы өзіне кесірін тигізіп жатқан секілді. Қашаннан қонағын құдайдай сыйлайтын қазақ жұрты ешқашанда өзге ұлттың жағасынан алып соқтыққан ел емес. Алайда кейінгі жылдардағы ел ішіндегі ұлтаралық жағдайлар көңілге күпті ой әкеледі. Мұндай жағдайларға ел болып тоқтатып, ынтымақ, бірілікке шақырудың маңызы зор.

Ел ішінде ұлт аралық дүрбелеңдер туа қалса, қашанда бұғып қалмай шауып жетіп баратын ол желтоқсан оқиғасына қатысшуы қайраткерлер екенінін естен шығармаймыз. Сындарлы сәтте, сен тимесең мен тиме деп жатып алуды үлкен қателік деп білетін Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық бірлестігі қоғамының қайратты, қайсар батырлары қазақ еліне ешкімнің басынып, төстеуіне жол бермейтін ұлттың жанашырлары.

Өйткені олар, 1986 жылы коммунистік режимге қарсы  тұрып, алаңдағы қантөгісте ерлік көрсетіп, қанды оқиғаны басынан кешірген қазақ жігіттері. Мағжан Жұмабайұлы айтқандай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қазақтың батырлары. Жақында Қордайда болған қақтығысты естіген бойда еліміздегі Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық бірелстігі қоғамының төрағасы Болат Құрымбаев пен мүшелері Ермек Айтуаров, Ербол Қыдыбаев , Мұрат Малаевтар ұлтжанды азаматтар Жамбыл облысы Қордайдағы дунгендермен қазақ бауырламыздың арасындағы қақтығыс болған елді-мекенге барып қайтты. Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында орын алған жаппай қақтығыстың зардабынан өз көздерімен көріп, жергілікті тұрғындардың оқиғаға қатысты ой-пікірлерін тыңдап қайтқан желтоқсан қаhармандарының өз түйгендері бар еді. Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты»- » республикалық бірелстігі қоғамының мүшелері сапар барысында Қордай ауданы әкімшілігі мен Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесіп мәселенің мән-жайын біліп, жергілікті ел-жұртты сабырға шақырды. Аталған жағдай билек және құқықтық органдары тарапынан ұлтаралық қатынас мәселесінде жіберілген қателіктер бар екенін анықтады. Мысалы, еліміздегі барлық диаспоралардың мемлекеттік тіл-қазақ тілін мегермеуі және оларға ондай талаптың қойылмауы –диаспоралардың мемлекеттің негізін құрушы қазақ ұлтының ұлттық мінезі мен құндылықтарын жете білмеуіне, соның нәтижесінде-өзара сыйластықтың болмауына ұштасатанын анық көрсетіп берді. Бұл мемлекеттегі, әсіресе идеологиялық саладағы жұмыстардың әлсіз, тіптен  мүлдем жоқ екендігінің белгісі. Болашақта мүндай оқиға қайталанбас үшін шоғырлана орналасқан диаспоралар арасында қазақ мәдениеті мен өнерін, оның салт-дәстүрін дәріптейтін іс-шараларды мейлінше көбейту қажет сыңайлы.

Қазақта "Араласпасаң жат боларсың" -деген сөз осыған келіп саяды. Ендігі кезекте бұл іс-шараларға өнер адамдары мен жазушыларды, әншілер мен ақындарды т.б қайраткерлерді көбірек арластыру қажет сияқты. Сонымен бірге, қоғамдық ұйымдар да осындай шиленіскен жағдайды көре отырып, бей-жай қалмай белсене аралсулары тиіс. Желтоқсандықтар бұл мәселені қоғамдық ұйым ретінде назарда ұстаймыз деп шешіті. "Бірлік қайда барасың десе-ынтымаққа барамын,"- деген екен. Ел бірлігі-ынтымақта. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның тәуелсізідігіне қауіп төндіретін кез келген оқиғалар мен мәлімдемелерге жол жоқ. Әркім егеменде Қазақстан заңын құрметтеуі керек, заңды орындауы керек. Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық бірлестігі қоғамының бұл сапардан көңілге түйіп қайтқандағы қортынды шешемі осы.. "Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар" –деген дана халқымыз, ендеше ынтымағыз берік болсын ағайын.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер