Дүнгендердің діни бағыты қандай?

6724
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы Ма Сан Чи ауданындағы дүнгендердің ұстанатын діни жолы- сопылыққа негізделген Қазақстан аумағында экстремистік және тиым салынған "таблиғ жамағаты " ұйымы деген әңгіме көптен бері айтылуда. Шынтуайтында,тегі қытайлық дүнгендердің тарихи діни ұстанымы суфизм XVII ғасырдың ортасынан бастап Қытайдағы Цинь билігінің алғашқы онжылдықтарында империяға сопы миссионерлері арқылы алғаш енген еді. Қашғар аймағындағы мүршид-сопы аппақ "Ходжидің"діни экспансиялық экспедициясының ықпалымен Ганьсу провинциясында,(қазіргі Цинхай) сопылық кең етек жайды.ХҮІІІ ғасырда аппақ "Ходжидің" рухани мұрагерлері ,яғни Ганьсу сопылары Ма Лайчи мен Ма Минсинь деген диуана-миссионерлер қытай билігінің рұқсатымен Цинь империясында "Куфия" және "Джахрия"атауын алған сопылық тариқаттардың негізін қалады . Зікірді экстаз түрінде құпия немесе жария айту сопылардың келесі екі ғасыр бойы Хуэй (дүнген), дунсян және салар халқының тарихында үлкен рөл атқарды.Қазіргі кезге келетін болсақ бұл ортағасырлық кертартпа
сопылық топ Орта Азияда тек Қырғызстанда ғана өздерін еркін сезінеді.
Осы деструктивті сопылық ағым туралы www.adyrna.kz сайтында жарияланған "Мен қалай рухани жаңғырдым " атты автобиографиялық кітабымда егжей-тегжейлі баяндаған едім.
https://adyrna.kz/post/26658
Ең қызығы дүнгендер көп шоғырланған көршіміз Қырғызстанның бас мүфтиі сопылық бағыттағы таблиғ жамағатының белді өкілі болса,ал коммунистік қытайдың билігі өз елінде бас мүфти қылып ұлты дүнген адамды сайлаған.Қытай компартиясының сойылын соғатын қызыл мүфтидің ұлты дүнген болуы да көп нәрсені аңғартады.Не болса да мың өліп мың тірілген ұлтымды Жаратушы өзі иррационалды ортағасырлық монархиялық діни қаратүнекке шақыратын адасқан сопылардан сақтасын!

Тұрарбек Құсайынов 

"Демос" ҚБ төрағасы

Пікірлер